Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет35/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Дəріс № 9.


Тақырыбы: Жекелей,топтық,бірлескен, ұжымдық, фронталды жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Мақсаты: топтық жұмыстардың əртүрлі формалары туралы көзқарас қалыптастыру.
Тірек ұғымдар:жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар.

Дəрістің мазмұны:


  1. Жекелей, топтық, бірлескен, ұжымдық , фронталды жұмыстар туралы түсінік.

  2. Оларды ұйымдастыру əдістері.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тəртіпте жəне режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-əрекетінің сыртқы көрінісі. Олар əлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады жəне жетілдіріледі. Оқытудың ұйымдастыру формалары əр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:

  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік жəне мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тəжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ

/90 минут/, əр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында əр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, жəне 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:

    • лекция;

    • семинар;

    • пəндік үйірмелер;

    • топсеруен;

    • факультативтер;

    • кеңес;

    • қосымша сабақтар;

    • үй тапсырмасы;

    • оқытудың жекелік формасы.

Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте жəне тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті жəне дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің əрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тəрбиелеу. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып- комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, əр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мəселенің математикалық мəнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге жəне айқындауға себі тиюі тиіс.Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б. Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ əсерлі өтеді.Онда топтық жəне жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дəлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.

    1. Біріктірілген 1 жəне 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:

Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2- сынып деп жазылады.
1. «Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

    1. Топқа бөлініп əр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:

2+8 9+1 10-10 20+3 30+10 60-4
10-8 5+5 10-0 4+20 50-20 86-6
Əр топқа түстері əр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.
Эстафета. Əр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын жəне дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.

  1. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дəптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мəліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар жəне түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты

болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар əр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, əр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Əрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

  1. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда əрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Əділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 жəне 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін. Жоспары:

  1. Кешті ұйымдастыру.

  2. Əңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

  3. Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

  4. Ойын «Арифметикалық жүгіру».

  5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

  6. Ең мықты есептеушіге сұрақ.

  7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

  8. Викторина.

  9. Қорытынды.

  1. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4- сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа əдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тəсілдерімен, кейбір математика тарихы мəселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет