Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет14/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
1.Мүлік заңы; 2.Қылмыс заңы; 3.Әскери заң; 4.Елшілік жоралары; 5.Жұртшылық заңы. Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағындүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақтайпаларын және қазақтардың этникалық территориясынбіріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқыбеделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи – Рашиди» атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандарыарасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.

  1. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.

Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды.Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіріп,аймақтық жағынан ұлғайтуға ,мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп,өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Қазақ Хандығын Хақназар хан 1538—1580 жылдары биледі. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын жалпы 42 жыл биледі.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады.
Хақназар ханның билігі тұсында Қазақ хандығының жүргізген саясатының тағы бір басты бағыты – оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт болды. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жерлер мен қалалар Қазақ хандығы өте маңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыдан алғанда көшпелі қазақ ру-тайпаларының қысқы жайылымдары мен қыстаулары Сырдың сол жағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігінде табиғи жазғы жайылымдар мен жайлаулар орналасты.
Хақназар хан саясат жолында Бұхар ханы IIАбдаллахпен дос болып,өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт»жасасқан.Хақназар ханның дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шарасы болған.Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап,сауда-саттық қатынасы ұлғаяды.Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей бастайды.
Хақназар хан билігі кезінде Қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара бастады.1569-1573 жылдары орыс елшісі Семен Мальцев пен Чебуков қазақ хандығына елшілік болып келген.Екі мемлекет елшілер арқылы сауда байланыс қатынастарын орнатады.Себебі Хақназар хан Ресеймен қарым-қатынас жасауда өз әкесі Қасым ханның жолын ұстанған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет