Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


Қазақстанның жоғары мектептері реформаларының сапалык жаңа кезеңі 1999 жылы басталды



бет51/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Қазақстанның жоғары мектептері реформаларының сапалык жаңа кезеңі 1999 жылы басталды.

  1. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»

Н. Ә. Назарбаев


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.


Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы
«Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Нұрмақұлы Қалиев «Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты (1991-2013 жж.)» және «Этносаралық қатынастың Қазақстандық үлгісі: тарихи аспект (1991-2016 жж.)» тақырыптары бойынша және «Жас тарихшылардың Республикалық қауымдастығы» ҚБ мүшесі, докторант Еркін Ерланыұлы Рахметуллин «Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» тақырыптарындағы ғылыми жобаларын жүзеге асыруға байланысты іссапарға барып қайтты.
Олар 2015 жылдың 18-24 қазан аралығында Алматы қаласында ғылыми іссапарда болдық. Іссапар мақсаты – «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты» және «Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» атты ғылыми жобалары бойынша мұрағат құжаттары мен кітапхана қорларындағы деректерді жинау болатын. Осыған орай Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорларында құжаттармен жұмыс жасадық. Іссапар мақсаты Қазақстан Республикасы Президент Мұрағатындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңін қамтитын қорлармен жұмыс жасау болды. Атап айтар болсақ, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрықтары, Заңдары, жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылған 5-Н қордың 1 және 7 тізімімен жұмыс жасады. Мәселен, 5-Н қоры, 1 тізім, 277 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тілі» қоғамының республикалық екінші құрылтайында сөйлеген сөзі, 1992 жыл, 28 қараша), 278 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың студент және шығармашыл жастармен кездесуінде сөйлеген сөзі, 1992, қараша), 1205 (Тарихи тұлғалардың мерейтойларын өткізу жөніндегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулыларын орныдау жөніндегі құжаттар), 1796 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі, 1993 жыл, 10 сәуір, Түркістан), 3378 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тарихи зерде кешіндегі сөйлеген сөзі, Республика сарайы, 1994 жыл, 14 желтоқсан), 5018 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген сөзі), 5024 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылдың 22 сәуірінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мәжілісінде сөйлеген сөзі), 5050 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 спессиясында сөйлеген сөзі), 5051 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңТәуелсіздік күніне арналған жиында сөйлеген сөзі, 1995 жыл, 16 желтоқсан), 5053 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның шығармашылық жастары өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзі), 5802 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың 11 қазанында Ақмола қаласының жастарымен болған кездесуінің стенограмасы) істері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғалымдар залы мен диссертация бөлімінде тақарыпқа сай жұмыстар атқаралды.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет