Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


М. Ақынжанов “ қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан шыққан



бет11/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
2. М. Ақынжанов “ қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан шыққан.
3. XII-XY ғғ. Түркі тілінде жазылған деректерде “еркіндік аңсаушы, батыл” мағынасын білдіреді.
«Қазақ» — түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе – қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам – қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» — бұл да қазақ.Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» — «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» — «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты. Қазақ» атауы Шығыс және Батыс Typiк қағанаттары кезеңінде туған, Күлтегін мен Білге қағанның билігі тұсында дәстүрлі түріктік ұғыммен әлемнің шығыс бөлігі «көк» түспен белгіленеді де, шығыс түріктері «көк түріктер» деп атала бастады деген бip пiкip бар. Бұл пікір бойынша: «қазақ» этнонимі «қас» сөзімен байланысты, өйткені түркі тілінде ол «қас» «нағыз» дегенді және «ақ» «батыс» дегенді білдіріп, нәтижесінде «қас-ақ» - «нағыз батыстық» деген ұғым қалыптасты»,- дейді. Бұл сөздің әртүрлі түсініктемелері де бар. Кейбір лингвист ғалымдар оны «қаз ақ» - ақ қаз сөзімен, енді біреулері «қаз» - қазу, «кез» - кезу, «қаш» - қашу етістіктерімен байланыстырады.Соның ішіндe «қазақ» сөзі XI ғасырда қыпшақтардың мекендеген аймағында пайда болган, ол «еркін, кезбе адам» деген ұғымды білдіреді. Оған әлеуметтік мән беріліп, өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп, әскери шараларға қатысу арқылы өмір сүруге жағдай жасайтын топтардың атауына айналады. IX—X ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақ қоғамында «қазақ» деген атау¬мен әлеуметтік, ал XI—XII ғасырларда этноәлеуметтік топтар пайда болды. Монғол шапқыншылығы кезінде қыпшақтардың тайпалық топтарын Дешті Қыпшақ шегінен тыс жерлерге ыдыратып жібергендіктен, бұл «қазақ» атауының кең таралуына мүмкіндік туғызды. «Қазақ» cөзі еркін, тәуелсіз жүрген әр текті адамдар тобын білдіру үшін қолданылған. Қазақылық жасау этникалық және мемлекеттік шекаралармен шектелмедік.XIV ғасырдың басында Қазақстан аумағында дербес мемлекеттер, сонымен бipгe Ақ Орда мемлекеті пайда болды. Олардың дербес ел болуына жергілікті этникалық топ - қыпшақтар негіз болды. «Қазақ» термині XV ғасырдың екінші жартысынан бастап этникалық мәнге ие бола бастады.Сөйтіп, түркі-қыпшақ cөзi алғашында «еркін, азат, тәуелсіз, қызыққұмар» адамды жалпылай атау ретінде қолданған.

  1. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.

Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады.
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады.
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды.
Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін қамтыды. Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б.
Орта жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстік шегарасы осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады.
Қазақ халқының пайда болуында басты рөлдің бірін қыпшақтар атқарды. Арғындар басқа тайпаларға қарағанда кеш пайда болған, бірақ олардың аты Орта жүздің синонимына айналды. Қоңырат тайпасы ХІХ ғ. басында Орта жүзден бөлініп Бұқара, Қоқан хандықтарының ықпалына түсіп, сөйтіп өзбек руларымен көршілес өмір сүреді.
XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар өздерінің үстемдігін салт-дәстүр арқылы, ал артықшылықтарын әдеттегі құқық нормаларымен көрсетіп отырды. Осы үстемдік етуші топ аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, сөйтіп саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді. Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді

  1. XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.

Қазақ хандығы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқан қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағындағы қазақ мемлекеті. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы Қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған. XVII ғасырда қазақтар Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, келесі ғасырда хандықты Ресей патшалығы жаулап алған. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген.
Бұл кезде жаңадан құрылған Қазақ хандығының алдында тарихи үш үлкен міндет тұрды. Біріншіден, жаңа қоныстанған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпыпа келтіру. Екіншіден, “Ұлы Жібек жолы” бойында орналасқан ірі қолөнер-сауда орталықтары - Сығанақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қарату. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.
Қазақ хандығының дәуірі – қазақтың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігінің шарықтаған шыңы. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» – тайға таңба басқандай қазақ мемлекеттігінің нышандары, қазақ тәуелсіздігінің айқын айғағы. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Хақназар, Тәуекел мен Есім хандардың жетекшілігімен халқымыз 300 жылдық тәуелсіз хандық дәуірінде өмір сүрді. Осы дәуірді халқымыз «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік пен азаттық дәуірі деп еске түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт өмірі тәуелсіздік үшін күреске түскен сындармен қатар жүрді. Тәуелсіздік жолында қазақ халқы қайталанбас ерліктің үлгілерін көрсетті. ХVIII-ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағдыры үшін шешуші сәттерге толы, қайғылы да қасіретті кезең. Бұл қазақтың өз мемлекеттігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанталасқа түсіп, «найзаның ұшына, білектің күшіне» жүгінген қиын-қыстаулы тарих беттері. Тәуке ханның өлімінен соң басталған ішкі саяси бытыраңқылық қазақ халқының басына төнген сыртқы қауіппен қосталды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, оның қол астындағы башқұрт, қалмақтардың, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасады. Қалыптасқан саяси жағдай мен ішкі алауыздық қазақ халқының тарихында өшпестей із қалдырған – Ақтабан-шұбырынды қасіретіне әкелді.

  1. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.



Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттер, орта ғасырларда Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер болды.
Ал Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет