Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет2/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
БАЯНЖҮРЕК ПЕТРОГЛИФТЕР
Таңбалы петроглифтері

  • Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.

  • Таңбалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.

Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата – баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен мұражай болды. Мұндағы суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.


Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің бірнешеуіне тоқталсақ: «Күн басты адамдарды, қол ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды қарсы алу ғұрпына орай туған
Жойқын күш иeci өгіздер күш-қуат пен құнарлылықтың бейнесі iспеттеc болса, қолына шоқпар, аса таяк ұстаған, жүгіріп бара жатқан немесе мінәжат етіп, сиынған қалпында кимылсыз отырған адам бейнелері, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі – бұлардың бәpi мифология, космогониялық мифтердің кейіпкерлері
Ерте кезеңдегі тарихымыздан белгілі, ежелгі дүниетанымда дін пайда болғанға дейін осылай күнделікті тұрмыста пайдаланылған жануарларды бейнелеу үpдici кең етек алған.

  1. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.

Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті. Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.

Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.


Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды

  1. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады

  1. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.

Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті (Месопотамия, Элам, Мысыр, Сирия) одан әрі дами түсті және жаңа мәдениеттер (Үндістанда – Хараппа, Қытайда – Инь) қалыптасты.
Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұланмен К.Ақышев, Солтүстік ҚазақстандыА.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасусатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді.
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтайарасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібіржерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

  1. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.

Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай көзқарастар аясында туындаған зерттеулер барысында Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтары да қамтылып, жүздеген петроглифтік орындар анықталды. Олардың біразы ежелгі ғибадатхана орындары, яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде көрсету мақсатында жасалған тастағы таңбалар осының айғағы. Ашық аспан астында су көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасаған адамдар діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсіруге тырысқан. Мұндай көріністерді Қазақстан жерінен табылған петроглифтерден анықтау қиын емес. Себебі, Қазақстан, әcipece Жетісу өңipi - петроглифтерге бай аймактардың бipi болып табылады. Солардың ішіндегі ең көрнектісі - жартастағы жазу дәстүрлі көркем стилінің негізін қалаған Тамғалы тас жазулары ерекше танымал. Тамғалы петроглифтері орта қола ескерткіштеріне жатады [1, 19 б.]. Ежелден киелі саналатын Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Тамғалы петроглифін Шу-Іле тауының оңтүстік-шығыс бөлігінен 1957 жылы 19- қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың басшылығымен жүргізілген археологиялық экспедиция тапты [8, 5 б.]. Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш зерттеу аясындағы алғашқы «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі жарық көреді, онда ескерткішке жүргізілген зерттеудің жарты ғасырлық тарихы берілген. Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің бірнешеуіне тоқталсақ: «Күн басты адамдарды, қол ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды қарсы алу ғұрпына орай туған Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» [1] 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған[2]. Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді

  1. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет