Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды



бет30/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.
Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті.
Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.
Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.



Маусым жарлығы– “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Бұратана жұмыстарыны адам жинау.
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды.
Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді.
Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.


Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.


Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет