Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректердің маңызы ерекше.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Антикалық автор Аррианныц дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшанық белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскеритайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәденигенетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдыңәлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы түктерін (кінәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты әскерлері Жаңие-Гәңжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратып, сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырған. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаңюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулаң, Ұсын, Құтзе және оларға шектес 36 үлес (кінәздік) сүннулерге қаратылды. Олардың бәрі сүннулердің әскеріне кіріп, бір әулетке айналды». Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағында орналасқан кінәздіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шитізи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б.з.б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Сары өзеннің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бақтрияны талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған
Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады. Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды. Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.