Бағдарламасы оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің кафедра отырысында талқыланды Хаттама № 20 ж



бет2/19
Дата13.06.2023
өлшемі160,5 Kb.
#100879
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Логопедия бағдарлама

1 модуль «Логопедия негіздері»

1.Логопедияның мақсаты, міндеті, пәні және нысаны. Логопедияның ішкі және сыртқы жүйесі және оның басқа пәндермен байланысы. Логопедияның ғылым ретінде түсінігі. Логопедия түсінігі нысаны және пәні. Логопедия құрылымы. Логопедияның мақсат міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы, жан – жақты және өзара ерекшелігі. Логопедияның ішкі және сыртқы байланыстары.


2. Логопедияның әдіснамалық негіздері, принциптері және әдістері. Отандық логопедияның философиялық, методологиялық негіздері. Отандық логопедияның негізгі принциптері. Дидактикалық принциптер. Ғылым ретіндегі логопедияның әдістері. Зерттеудің объективтілігін қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар. Олардың қысқаша анықтамалары.
3. Қазіргі заманғы логопедияның өзекті мәселелері. Негізгі ұғым – логопедияның ғылым ретіндегі категориялық аппараты. Қазіргі заманғы логопедияның ең өзекті мәселелері. Қалыпты сөйлеудің және сөйлеу бұзылыстарының негізгі ұғымдары. Сөйлеу бұзылыстарының ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалардың Тіл кемістігінің таралуы туралы мәліметтер. Тіл кемістігі, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, бұзылудың себептері, сөйлеу тілінің бұзылуының механизмі, сөйлеу тілінің бұзылуының патогенезі, тіл кемістіктерінің құрылымы, «түзету, орын толтыру, логопедиялық әсер ету, оқыту, тәрбиелеу, қалпына келтіру терминдер мазмұны.
4. Тіл кемістіктерінің этиологиясы. Тіл бұзылыстарының себептерінің тарихи аспектісі. Тіл кемістігінің себептері туралы қазіргі көзқарастар. Органикалық және функционалды себептер. Бала организміне әсер етететін эндогенді және экзогенді зиянды факторлар. Л.С.Выготский бойынша психиканың дамуы концепциясы сөйлеу тілі бұызылыстарды зерттеудің методологиялық негіздері ретінде. Сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуының себептері және шарттары. Сөйлеу тілі бұзылыстарының алуан түрлілігінің белгілері. Сөйлеу функциясының дамуындағы критикалық кезеңдер. Сөйлеу патологиясының пайда болуындағы тұқым қуалаушылық.
5. Онтогенезде сөйлеу тілінің даму заңдылықтары. Баланың психикалық және сөйлеу тілінің қалыпты дамуының заңдылықтары жайлы ілімдер. Қалыпты сөйлеу тілінің шарттары. Әлеуметтік фактор. Физиологиялық фактор. Психологиялық фактор. Тіл туралы түсінік. Бала тілінің дамуын кезеңдерге бөлу. Бала тілінің дамуын кезеңдерге бөлудегі әртүрлі көзқарастар. Бала тілінің қалыптасу кезеңінің сипаттамасы: дайындық, мектепке дейінгінің алдыңғы, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы (А.Н.Леонтьев). Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуының негізгі ерекшеліктері (Т.Б.Филичева).
6. Тіл кемістігінің топтастырылуы. Негізгі бұзылуларға сипаттама. Тіл кемістігінің қазіргі заманғы классификациясы.
7.Тіл кемістігінің клиникалық – педагогикалық классификациясы. Клиникалық- педагогикалық классификация. Жалпыдан жекеге іске асыру тәсілі. Сөйлеу патологияларын ажыратудың этиопатогенетикалық, клиникалық және психолинвистикалық критерийлері. Клиникалық – педагогикалық классификациядағы тіл кемістігінің түрлері.
8.Тіл кемістігінің психологиялық – педагогикалық классификациясы. Классификацияны құрудың лингвистикалық және психолого – педагогикалық критерйлері. Тіл кемістігін жүйелеуді жетілдірудегі мәселелер. Негізігі белгілерді анықтау. Психологиялық – педагогикалық классификациядағы Тіл кемістігінің түрлері.
9.Классификацияны құрудың лингвистикалық және психологиялық – педагогикалық критерйлері. Тіл кемістігін жүйелеуді жетілдірудегі мәселелер. Негізігі белгілерді анықтау.
10. Тіл кемістігін талдаудағы негізгі принциптері. Тіл кемістігін талдаудағы негізгі принциптер, мазмұны мен маңызы. Тіл кемістігі талдау. Жетекші ақау. Л.С.Выготскийдің біріншілік және екіншілік кемістік туралы теориясының логопедиядағы орны. Баланың тіл кемістігін талдау кезіндегі бағалау қызметі. Тіл кемістігін кешенді талдау.
11. Тіл кемістігінің кезінде туындайтын экзогенді – органикалық факторларға түсінік. Органикалық орталық және органикалық перифериялық себептері (М. Е. Хватцев). Жатырішіндегі (пренатальды), туу кезіндегі (натальды кезеңдегі патология), туғаннан кейінгі әсер ететін зиянды факторлар. Экзогенді – органикалық факторлардың рөлі. Тіл кемістігін туғызатын факторлардың күрделілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет