Бағдарламасы оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің кафедра отырысында талқыланды Хаттама № 20 ж


Тіл кемістігінің құрылымын талдау



бет3/19
Дата13.06.2023
өлшемі160,5 Kb.
#100879
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Логопедия бағдарлама

12. Тіл кемістігінің құрылымын талдау. Тілдік және тілдік емес көріністер, олардың байланыстарының сипаттамасы. Біріншілік және екіншілік кемістіктер. Екіншілік кемістіктер біріншілік кемістіктің салдарынан болатындығы жайлы түсінік. Сөйлеу бұзылыстарының сөзсіз белгілерінің жиынтығы, олардың байланыстары.
13.Логопедиялық әсер етудің аранайы принциптері мен әдістері. Логопедиялық жұмыстың тиімділігі мен өзекілігін арттыру жолдарын іздеу. Логопедияның арнайы принциптері. Логопедиялық жұмыстағы әдістерді зерттеудің классификациясы. Қолдану әдістерін таңдау. Логопедиялық негізгі әдістер: сөздік әдіс, практикалық әдіс; көрнекілік әдіс;
14.Дислалия. Шығу себептері. Негізгі түрлері. Дислалия анықтамасы. Дислалия терминінің пайда болуының алғашқы түсініктемелері. Дислалия түрлері. Функционалдық және механикалық (органикалық) дислалия және олардың пайда болу себептері. Функционалды дислалияның классификациясы. Дислалия түрлері: акустико-фонематикалық, артикуляторлы – фонетиклық, артикуляторлы фонематикалық.
15. Дислалия кезіндегі дыбыс айтудың бұзылуының жалпы сипаттамасы. Сөйлеу тілінің фонетикалық және фонематикалық бұзылысы. Дыбыс айтудың бұзылуының пайда болуының негізгі формаларының лингвистикалық түсініктемелері(дыбысты мүлдем айтпау, бұзып айту, алмастыру, шатастыру), бұзылу тобы бойынша (сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, каппацизм, йотацизм). Фонетикалық және фонологиялық бұзылулар (Ф.Ф.Рау). Фонематикалық бұзылыстар (Р.Е.Левина). дислалияның үш негізгі формалары (фонетикалық және фонематикалық сөйлеу тілінің бұзылысы). Олардың арасындағы айырмашылық. Әр форманың түсініктемесі.
16.Артикуляциялық аппараттың құрлымының бұзылуы. Олардың дыбыс айту қалпына әсері. Артикуляциялық аппарттың әртүрлі анотомиялық патологиялары: тіс-жақ сүйек жүйесінің, еріндердің қабысуының, тіл асты желбезегінің қысқалығы. Дыбыс айтудың бұзылуының сипаты және осы патологияға логопедиялық әсер ету мүмкіндіктері.
17. Дизартрия. Анықтамасы, этиопатогенетикалық механизмі, дизартрия кезіндегі дефектінің құрылымы. Айқындылық дәрежесі. «Дизартрия» терминінің пайда болу тарихы. Дизартрияның анықтамасы, патогенезі, классификациясы. Қозғалысты реттеу орталығының ұйымдастырыуы. Ерікті және еріксіз қозғалыстарыдың сипаттамасы. Қозғалыс стереотипінің қалыптасуы. Перифериялық сөйлеу аппарының мүшелерінің жұмысындағы бұлшықет жүйесінің рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет