Бағдарламасы «Отбасы социологиясы»


-тақырып Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі



бет3/7
Дата06.10.2023
өлшемі219 Kb.
#113189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
5-тақырып Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
Тарихтағы отбасыға дейінгі кезең. Топтық неке ұғымы. Көпбалалылықтың әлеуметтік нормалары жүйесі. Индустрияға дейінгі кезеңдегі отбасы. Орта ғасырлардағы патриархалды отбасы. Майорат қағидасы. Индустрияға дейінгі кезеңдегі отбасының өмір салты. Отбасы және индустриализация. Көпбалалы болу нормалары жүйесінің жойылуы. Отбасы институтының тиімділігі критерийлері.


6-тақырып Отбасындағы әлеуметтену
Жалпы және отбасылық әлеуметтену ұғымдары. Әлеуметтенудің басқа институттарымен салыстырғандағы отбасының ролі. Жалпы әлеуметтену отбасындағы тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының диспозициялық құрылымының қалыптасуы ретінде. Отбасылық әлеуметтену және бала құқығы. Отбасылық әлеуметтенудің тарихи ерекшеліктері. ХV-XX ғғ. балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік-мәдени үлгілері және оларды әлеуметтік оқшаулаудың түрлері. Әлеуметтенуді зерттеудегі қазіргі әлеуметтанулық тәсілдер. Феминизм және отбасындағы гендерлік әлеуметтену.


7-тақырып Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы
Отбасы әлеуметтік-символдық бірлік ретінде. Отбасындағы бірлесе өмір сүру тиімділігі. Отбасының өмірлік циклы. Отбасының өмір циклының толық болмауы. Отбасын генеалогиялық зерттеу. Геносоциограмма – ерекшеліктері мен мәні. Отбасындағы тұлғааралық қатынастар. Отбасындағы бірінші және екінші ретті қатынастар қайшылығы. «Отбасылық мәнсап» ұғымы. Модальды немесе бұзылмаған отбасы. Отбасылық бірлікті зерттеудегі әлеуметтанулық және психологиялық көзқарастардың ерекшеліктері.


8-тақырып Отбасының репродуктивті мінез-құлқы
Балалы болудың әлеуметтік нормалары немесе репродуктивті нормалар. Репродуктивті мінез-құлық: ұғымы, құрылымы. Репродуктивті үрдіс және репродуктивті цикл. Балалы болу қажеттілігі және репродуктивті бағдарлар. Репродуктивті мотивтер және оларды әлеуметтанулық өлшеу. Балалардың пайда болуының әлеуметтік, экономикалық, психологиялық мотивтері. Балалы болудың әйел және ерлер ішіндегі мотивтері. Балалы болу қажеттілігінің бағдарлары өлшемдері. Репродуктивті жағдайларды мәселелік және қарапайым тұрғыдан анықтау. Отбасының репродуктивті мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет