Бағдарламасы «Отбасы социологиясы»



бет1/7
Дата06.10.2023
өлшемі219 Kb.
#113189
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Жұмыс оқу бағдарламасының титулды парағы


Нысан
ПМУ Ұ С 7.18.3/30

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы


Жұмыс оқу бағдарламасы

«Отбасы социологиясы» пәні бойынша


6М050100 «Әлеуметтану» мамандығы магистранттарына арналған


Павлодар
1 Пәннің мақсаты: осы пән шеңберiнде алған бiлiмдер мен дағдыларды талдай білу және ары қарай кәсiби қызметте қолдану үшiн магистранттарға арнайы социологиялық теория ретіндегі отбасы социологиясы туралы, отбасының объектiлі – пәндік саласы, қоғамдағы орны мен ролі, құрылымы мен функциялары, қалыптасу тарихы мен дамуы, зерттеу әдiстерi және тағы басқалар туралы мәлiмет беру.




Пәннің міндеттері:
- әлеуметтану және гендер пәндерінiң тоғысқан жерінде пайда болған отбасы социологиясы ғылымының құрылымы мен ерекшелiгiн неғұрлым толық ашу;
- негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының қазіргі орны мен ролін және отбасымен байланысты, қоғамда кең таралған ажырасу, жетімдік, ерте некелер, толық емес отбасылар, отбасындағы қақтығыстар сияқты мәселелерді анықтау, осы мәселелерді шешу бойынша қабылданған шараларды талдау;
- қазіргі әлем мен Қазақстандағы отбасылық-некелік қатынастардың жағдайын талдау, отбасы мен некенің ары қарай нығаюының негіздері мен маңыздылығын ашу;
- отбасы мен некенің әлемдік қоғамдық үрдістердің индустриализациясы, модернизациясы, ғаламдануы жағдайындағы ролін қарастыру; рассмотреть
Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар білуі керек:
- отбасылық-некелік қатынастарды талдау әдiстерiн;
- отбасы және неке институттарының қазiргi даму тенденцияларын;
- ең маңызды әлеуметтiк институт ретіндегі отбасы мен некенің даму тарихы және оны зерттеуде қолданылатын жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдiстерді;;
- отбасылық-некелік қатынастардың социологиялық талдауының пәндiк облысын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет