9-тақырып Отбасылық мінез-құлық Отбасылық мінез-құлық диспозициясы. Жұбайлар қажеттіліктерінің сәйкестігі. Некелік және ажырасулық мінез-құлық. Некелік статус пен некелік серіктестік қажеттілігі. Некемен қанағаттану және некенің тұрақтылығы. Отбасының ынтымақтастығы. Әлеуметтенулік немесе ата-аналық мінез-құлық. Ата-ана позицияларының типологиясы. Өзін-өзі сақтау немесе экзистенционалды мінез-құлық. Денсаулық әлеуметтануы және отбасы әлеуметтануы.
10-тақырып Неке және ажырасу Неке мен ажырасу ұғымдары. Неке мен ажырасудың мотивтерін зерттеу. Отбасылық өмірді жоспарлауға, отбасылық қақтығыстардың пайда болуы мен алдын алуға әсер ететін әлеуметтік және психологиялық факторлар. Отбасының жойылуының алдын алу. Отбасындағы интеграция және дезинтеграция. Неке және ажырасу қазіргі заманда – нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында. Ажырасулар статистикасы.
11-тақырып Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер Отбасын зерттеудегі жүйелік тәсіл. Мәліметтердің деформациясын болдырмау мақсатындағы әлеуметтанулық зерттеу процедуралары. Сұрау, бақылау және контент-талдау әдістеріндегі зерттеу объектісі мен жағдайлардың өзара әрекеті. Фамилистикадағы сұрау әдісін қолдануда пікірлерді қалыптастыру және білдіру үрдістерін зерттеу ерекшеліктері. Сандық және сапалық әдістердің өзара бірін бірі толықтыруы.
12-тақырып Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері Сапалық зерттеулердің түрлері, тактикалары және процедуралары. Сапалық зерттеудің практикумы. Сапалық зерттеулерді фамилистикалық және феминистік парадигмалары өкілдерінің қолдануы ерекшеліктері. Фамилистік зерттеулердің контент-талдауы. Көркем әдебиеттерді, фольклорды, сурет өнерін, жарнаманы талдау ерекшеліктері. Отбасы және балалар құндылықтарының әдеби мәтіндердегі индикаторлары. Отбасы құрылымдарын зерттеудегі индикаторларды статистикалық талдау. Ауыхша тарих әдісінің ерекшеліктері. Биографиялық сұхбат әдісі.
13-тақырып Отбасының институционалды дағдарысы теориясы Отбасындағы институционалды қақтығыстар. Отбасы ішілік ролдер мен интеракциялар қақтығысы. Аз балалы және көп ажырасулы отбасылар – қақтығыстар негізі ретінде. Жастардың отбасы және өз денсаулығы туралы көзқарастарының қайшылықтары. Отбасылық және кәсіби ролдердің қақтығысы. Ерлер мен әйелдердің эмансипациясы. Индивидуалды құндылықтардың және отбасы құрылымдарының деформациясы. Отбасының негативті имиджін құрудағы БАҚ ролі.