Бағдарламасы «Отбасы социологиясы»



бет2/7
Дата06.10.2023
өлшемі219 Kb.
#113189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар жасай алуы керек:
- осы пәннiң шеңберiнде алынған бiлiмдер мен дағдыларды кәсiби қызметте қолдану;
- отбасы және неке әлеуметтануының пәндік облысын басқа ортақ әлеуметтiк мәселелер мен әлеуметтанулық теориялардан бөлу;
- бүкіл ғаламшар адамдарының өмiрiн қанағаттандырудың ең маңызды мүмкiндiгi ретіндегі алғашқы әлеуметтiк қауымдастық күйiн бейнелейтін қазiргi отбасылық-некелік ахуалды талдау.


2 Пререквизиттер

- шетел әлеуметтануының тарихы;


- әлеуметтанулық зерттеулердiң әдiстерi;


3 Постреквизиттер

- әлеуметтанулық мәлiметтердi өңдеу және талдаудың әдiстерi;


- халықтың ғаламдық мәселелерi;
- қоғамның әлеуметтiк құрылымы.

Пәннің
тақырыптық жоспары




П МУ ҰС 7.18.2/07

4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары





Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

Дәр

Тәж

Лаб

Студ

Инд

МӨЖ

1

Отбасы әлеуметтануының пәні

2

1

-

-

-

6

2

Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы

2

1

-

-

-

6

3

Отбасы құрылымдарының типологиялары

2

1

-

-

-

6

4

Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы

2

1

-

-

-

6

5

Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі

2

1










6

6

Отбасындағы әлеуметтену

2

1

-

-

-

6

7

Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы

2

1

-

-

-

6

8

Отбасының репродуктивті мінез-құлқы

2

1

-

-

-

6

9

Отбасылық мінез-құлық

2

1

-

-

-

6

10

Неке және ажырасу

2

1

-

-

-

6

11

Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер

2

1

-

-

-

6

12

Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері

2

1

-

-

-

6

13

Отбасының институционалды дағдарысы теориясы

2

1

-

-

-

6

14

ҚР отбасы және отбасы саясаты

2

1

-

-

-

6

15

Отбасымен әлеуметтік жұмыс

2

1

-

-

-

6




барлығы

30

15

-

-

-

90



4.2 Пәннің мазмұны


1-тақырып Отбасы әлеуметтануының пәні
Отбасы әлеуметтануы әлеуметтік білім саласы ретінде. Ғылымның объектісі. Отбасы әлеуметтануының пәнінің анықтамасы. Отбасының макро- және микроәлеуметтануы. Ғылыми танымның құрылымындағы отбасы әлеуметтануының әдіснамалық негіздері. Отбасы әлеуметтануы адамдар тобының (отбасының) өмір сүру әрекетінің және мәдениетінің ерекше саласы ретінде. Отбасы әлеуметтануының әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі орны.


2-тақырып Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы
Отбасының анықтамасы. Отбасының құрылымы және отбасы мүшелерінің қызметтік міндеттері. Отбасының қызметтері. Отбасының спецификалық және спецификалық емес қызметтері. Отбасының репродуктивті, экзистенциалды, әлеуметтендіру қызметтері. отбасының тәрбиелік, шаруашылық-тұрмыстық, эмоционалдық, рухани қарым-қатынас, әлеуметтік бақылау қызметтері.


3-тақырып Отбасы құрылымдарының типологиялары
Жұбайлық, туыстық және ата-аналық сипаттағы отбасы құрылымдары. Моногамдық және полигамдық неке. Эндогамдық және экзогамдық неке. Агамия және инцестке қойылатын тиым ұғымдары. Билік көрсеткіші бойынша патриархалды, матриархалды және эгалитарлы отбасылар түрлері. Серіктестік отбасылар және олардың түрлері. Синкратиялық және коллегиалды отбасылар. Автономды отбасылар. Патрилокальды, матрилокальды, унилокольды, эванкюлелокальды және неолокальды отбасылар. Гомогенді, гетерогенді, гомогамды және гетерогамды отбасылар. Кеңейтілген және нуклеарлы отбасылар. Құрамдас немесе күрделі нуклеарлы отбасылар, қайталанған отбасылар. Репродуктивті отбасы және бағдарлық отбасылар. Көпбалалы және жалғыз балалы отбасылар.


4-тақырып Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы
Отбасын зерттеу тарихы. Әлеуметтанудың пайда болуына дейінгі отбасы туралы көзқарастар. Платон, Аристотель, Гоббс, Руссо, Милль еңбектері. И.Я.Бахофен, Дж.Ф. Мак-Леннан, Ж.Ф.Лафито, Дж.Миллер, Д.Иениш, Л.Морган еңбектері. Әлеуметтік институт ретіндегі отбасын зерттеудің эволюциялық және функционалдық тәсілдері. Отбасын зерттеудегі ресейлік әлеуметтанушылардың қосқан үлестері: М.М.Ковалевский, Ю.И.Семенов, С.П.Толстов, М.О.Косвен, т.б. Отбасын эмпирикалық зерттеу. Отбасын әлеуметтік институт және шағын топ ретінде қарастыру. Отбасы әлеуметтануының дамуындағы қазіргі кезең. И.Кон, Г. Н. Андреева, Н. Бердяев, М. С. Мацковский, А.Г.Харчев, Я. Щепанский, С. И. Голод, А. И. Антонов еңбектеріндегі неке және отбасы мәселелері. Н. А. Аитов, М. М. Тажин, К. Г. Габдуллина, З. Ж. Жаназарова, С. И. Оспанов, М. Б. Татимов, т.б. еңбектеріндегі қазақстандық отбасының қазіргі жағдайын зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет