Оқытушы: (аты-жөні, қызметі, электронды пошта, Zoom конференцияның ID номері)
Жубатырова Ботагоз Танжарбаевна - аға оқытушы, магистр, bzhubatyrova@inbox.ru Zoom ID 437-020-0555 пароль - 8tQ0n3
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Дефектологтың тіл мәдениеті негіздері» пәнінің мақсаты –кәсіби сөйлеуде әдеби тілдік нормаларға сүйене отырып, сәтті сөйлеу әрекетін (ауызша және жазбаша) дамыту.
«Дефектологтың тіл мәдениеті негіздері» пәні келесі міндеттерді шеше отырып, болашақ мамандарды кәсіби қызметтің негізгі түрлерін орындауға дайындауға бағытталған:
* Дұрыс сөйлеу компоненттерін және «сөйлеу мәдениеті» ұғымын, олардың ерекшелігі тұрғысынан зерттеу.
* Пән бойынша білімін пайдалана отырып, өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагог-дефектологтың сөйлеу мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру, кәсіби бағыттағы мәтіндермен жұмыс жасау, арнайы терминологиямен танысу және оны орынды қолдана білу.
* Кәсіби педагогикалық қызметін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білуін ескере отырып, жүзеге асыруға машықтану.
* Педагог-дефектологтың тілдік мәдениеті бойынша теориялық және практикалық білімдерін түрлі бағдарламаларды әзірлеуде, балалармен жұмыс жасауда қолдануға дағдылану.
Оқыту мақсаты:болашақ дефектологтардың тілдік құзыреттілігін дамыту, студенттердің дефектологтың кәсіби сөйлеу ерекшеліктерін сезінуі, сондай-ақ болашақ мамандарға кәсіби қызметтің негізгі құралы ретінде сөйлеуді тиімді және кәсіби қолдануға көмектесу тәсілдері меңгертіледі..