6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс).
http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php
өз жұмысыңызды басқа білім алушының көшіріп алуына жол бермеңіз. Егер көшіріп алған жағдайда ешкімге балл қойылмайды;
емтихан кезінде телефон немесе шпаргалка пайдалануға болмайды. Егер осы талапты орындамаған жағдайда аудиториядан шығарыласыз немесе қойылған бағаның күші жойылады;
оқу үрдісі кезінде тәртіп бұзуға және басқа білім алушыларға кедергі жасауға болмайды;
силлабустағы әр модульге белгіленген балл мөлшері бойынша баға модульге берілген апта ішінде ағымдық бағалау критерийлеріне сәйкес қойылады. Айталық, модульде 30 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 15 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 10 балл қойылады. Егер модульде 40 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 20 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 15 балл; егер модульде 50 балл болса, 5 балл лекциядағы белсендігі үшін, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 30 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 15 балл қойылады.
Дәріс сабағы конференция, семинар, пікірталас формасында ұйымдастырылады; практикалық сабақтары белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы ұйымдастырылады; БОӨЖ және БӨЖ тапсырмалары презентация, баяндама, эссе, реферат, мақала формаларында қабылданады.