Бағдарламасы Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080



Дата07.01.2022
өлшемі20,87 Kb.
#20883
түріБағдарламасы
Байланысты:
ОСӨЖ 1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 25 сәуірдегі № 370 қаулысына сәйкес Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына Дүниетану пәні бастауыш мектептің бірінші сыныбына қажеттілігі


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
«Дүниетану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады
      3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім және білікті саналы түрде меңгеруіне арналған әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдану, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттерінің тәсілін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлану біліктерін меңгеруге бағыттайды.
      4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері қазіргі мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқыту тәсілі пән бойынша оқу бағдарламасының т үбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдар болып табылады.
      5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
      6. Оқытудың қазіргі кезеңінде оқушы өздігімен білімге ие болу барысында оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Бұл тәсіл пәндік білім, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге, өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуіне, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірге шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
      7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесінде өктемшілікке жол бермей, қатысушылардың барлығының ынтымақтастығы үшін өзара қарым-қатынасында алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін.
      8. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін шынайы шығармашылық процестегі оқушылардың қарым-қатынас моделіне айналдырады.
      9. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағдарланған оқу жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттарына қол жеткізу аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
      10. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құрудағы әр пәннің үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
      11. Пәннің мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде керек ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттармен және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіруден тұратын оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін тиісті алғышарттар/жағдайлар жасау қажет.
      12. Оқу бағдарламасында қалыптастырылған күтілетін нәтижелер оқу пәнінің мазмұнын анықтау негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған.
      13. Оқу бағдарламалары мазмұны жағынан оқушыны өзін-өзі оқыту субъектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субъектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
      14. Оқу бағдарламалары нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына және мектепті бітіргендегі нәтижелерге негізделген тәрбие мен оқытудың біртұтастық қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді.
      15. Оқу бағдарламалары пәндік білім және білікті ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру бағыттылығымен ерекшеленеді. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі төмендегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру негізі болып табылады:
      1) білімді функционалды және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектеп бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
      16. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарды талдау және бағалау, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
      17. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылық дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
      18. Кең ауқымды дағдылармен бірлікте тұлғалық қасиеттерді дамыту оқушыларға базалық білімді меңгертуге негіз болады:
      1) «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландыру негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының мінез-құлқын және күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдарлар болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет