Субьектілік сипаттаманың психолого-педагогикалық көріністері
Тағы бір рет негізгі субьект сипаттамаларын білім беру үрдісінде осы дәрежемен барлық мүмкіндіктерді талдауды қарастырайық.. Бұл сипаттамалар мынадай: субьект обьектіні ұйғарады; субьект қызмет түріне байланысты қоғамдық болады; қоғамдық субьект жүзеге асырудың нақты, жеке формасы бар; Ұжымдық субьект әр жеке тұлғада және керісінше көрсетілген; танымдық жүйелі қызметте субьект өзі қалыптасады; субьект жеке қызмет- саналы әрекет етуші адам; субьектілік басқа адамдармен қатынаста анықталады- бұл белсенділік , қызығушылық; субьектілік бұл бөлінбейтін қатынас, қызмет, танымның тұтастығы; субьектілік динамикалық бастама, өзара қатынассыз қалыптаспайды; субьектілік бұл интер психикалық дәреже. Адамның бұл субьектілік сипаттамасына субьект ртінде тұлғалық мінездемесін де қосу керек. Е.А.Климов бойынша ол өзіне бағытты, дәлелді ортаға, қызметке, өзіне деген қатынасты; жүйелендіруді жинақтылықты, ұйымдастырушылықты, шыдамылықты, тәртіпті тұлғалық интеллектуалды қасиетті, сезімділікті құрайды. Бұл барлық сипаттамалар толықтай турде оқу үрдісінің субьектісіне тән.
Оқу үрдісі субьектілерінің спецификалық ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |