Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Дәрістер 1 тақырып. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы



бет2/65
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#22104
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Ба дарламасы «Педагогикалы психология»

2 Дәрістер

1 тақырып. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы.

1.Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы

2.Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы

3. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы

4.Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы

Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар, пәндер мен проблемалық салалардың (жүйелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік сияқты беталыстармен қатар) ықпалдасуы мен саралап жіктелінуі сияқты негізгі екі беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе, Ж.Пиаже, Б.Г.Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым - психология тұр деп көрсеткен.

Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр).

Адам проблемасының ғылым дамуындағы рөлін анығырақ Б.Г.Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу,саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді.

Осы адам мәселесін жаһандандыру беталыстарының педагогикалық психология саласындағы көрінісін кезінде К.Д.Ушинский де байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам тәрбие пәні ретінде», «Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін қосқан ғылымдардың бағынылыстығын анықтау негізінде психологияның жетекші рөлі атап көрсетілген.

Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім болып табылады, оның құрылымдық көрінісінің негізінде, А.В.Петровскийге сәйкес, келесі психологиялық жақтары алынған:

«1)нақты іс-әрекеттің,

2) даму,


3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеті мен іске асатын дамуы)».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет