Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Оқу әрекетінің құрылымы мыналардан тұрады



бет35/65
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#22104
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Оқу әрекетінің құрылымы мыналардан тұрады:

-оқу міндеттері немесе тапсырмалар

-оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары)

-бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап тексеріп отрыуы)

-бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне өзі беретін бағасы)

Бастауыш мектеп оқушысының іс-әрекеті дамитындай ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет.

1. Іс-әрекеттің мақасаты. балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек.

Олар нені бақылауды керек?

Не үшін? Мұнда нені білу қажет?

2. Оқушының іс-әрекетінде себептер яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетке бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор атқарады. А.К. Дусавицкий мен мен В.В. Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде төмеңгі снып оқушылары бағаға қызығудан шынайы танымдық мүлдені білуге тез ауысады.

3. Іс-әрекеттің мазмұны –бұлар оқушыларға орындауға тиісті білімдер (елестетулер, түсініктер),-оларға белгілі болған білімдер ғана емес сондай-ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни мұғалім берген тапсырмаларды шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.

4. Оқушылар жүзеге асыратын іс-әрекетке кіретін қимл аса маңызды. Бұл –бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануға тиіс дағды шеберлік тәсіл. Оқушыдан әр түрлі ақыл-ой әрекеттерін талап ететін тапсырмалар, үлкендердің кейде айтуымен орындалатын операцияларды орындағанға қарағанда зор дамытушылық беретініне көз жеткізу қиын емес.

5. Оқушының іс-әрекеті дамушылық сипатқа ие ьолуы үшін балаларға өскелең талар қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек: іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты мен міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің күрделенуі-өсіп келе жатқан оқушыға оның дамытушылық әсерінің көбірек болуы маңызды.

6. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жою үшін, мұғалімнің тарапынан оның іс-әрекетін бақылау және бағдарлау –қызықты және нәтижелі іс-әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет