Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет37/65
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#22104
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
Ба дарламасы «Педагогикалы психология»

Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

Іс-әрекет категориясы негізгілердің бірі болып табылады. Оның контексінде оқулықта былай талданады: оқытушы (педагог) және оқушы педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъектілері ретінде, оқу материалын меңгеру оқу іс-әрекеті ретінде. Осыған байланысты философияда (Гегель, Фейербах, Маркс) және жалпы психологияда (М.Я.Басову, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев) көрсетілген іс-әрекеттің жалпы теориясының негіздерін тереңірек қарастыру қажет.

Іс-әрекет ұғымы ғылыми ретінде философиялық ойға ХҮІІІ жүз жылдықта И.Кантпен енгізілген, XIX ғ. методолгиясында Г.Гегель, Л.Фейербахтың жұмыстарынан бастап қана, сондай-ақ К.Маркспен өткізілген осы жұмыстардың талдауынан бастап іс-әрекетке категория ретінде мазмұнды әрі толық талдауы берілді. Ол қазір осы категорияның психологиялық талдауының методологиялық негізі ретінде қарастырылады. Бұл жерде іс-әрекет категориясының әлі де әлсіз әзірленгеніне назар аудару керек. «Психологияда да, философияда да іс-әрекеттің нақты әрі дифферециалданған анықтамалары жоқ. Бұл ұғымды ғылымдар алуан түрлі мағыналарда қолданады».

Іс-әрекеттің диалектикалық-материалистік түсінігінде ең алдымен оның заттық сипаты бекітілгенін, іс-әрекеттегі заттықтың және сезімдіктің бірлігі бекітілгенін ескеріп өту керек. Осындай ұғымда іс-әрекет белгілі бір адаммен жасалады - субъектімен немесе субъектілер жиынтығымен немесе белгілі бір адамдық қоғаммен. Іс-әрекет субъектісінің, іс-әрекет етушінің болуы осы құбылысты психологиялық талдау үшін өте маңызды. Адам, іс-әрекет субъектісі ретінде, оны жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды. Осы уақыта іс-әрекеттің өзі адамды оның субъектісі ретінде, тұлға ретінде қалыптастырады. Осындай субъекті мен оның іс-әрекетінің байланысын осылай түсіну С.Л.Рубинштейн бойынша сана мен іс-әрекет бірлігі принципін бейнелейді. Іс-әрекеттің субъекттілігі (В.И.Слободчиков, А.В.Петровскийдің анықтамасындағы субъекттілік феноменінің жалпы контекстінде) оның негізгі с ипаттамаларының бірі ретінде қарастырылады (С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова, А.В.Брушлинский, В.А.Лекторский, В.В.Давыдов жэне т.б.). А.Г.Асмоловтың анықтамасы бойынша «Іс-әрекет бұл үрдісінде психикалық образдың туындауы, оның объектіге айналуы, заттық шындықта субъектінің қатынастарының психикалық образбен жанама жүзеге асырылуы жүретін субъектінің сыртқы дүниемен өзара әрекетестігінің динамикалық, өзбетті жасақталатын иерархиялық жүйесі». Іс-әрекеттің философиялық концепциясында (Гегель, Маркс, Ильенков, Юдин т.б.) оның екі жағы қарастырылады: «затталуы» және «заттарға бөлінуі», олар адамның заттық іс-әрекетінің әр түрлі жақтарының қарама-қайшылығын, бірлігін білдіреді. Осыған байланысты К.Маркс бойынша зат әлеуметтік мәдени немесе адамзаттық бола алады. Заттала отырып адамзаттық маңызды күштер объектілерге, мәдениет құбылыстарына ауысады. Осыдан кейін ары қарайғы іс-әрекетте олардың затқа бөлінуі жүреді, яғни адамға тән күштердің ашылуы, оларды заттардан, құбылыстардан, объектілерден алу, берілген жағдайда - сол іс-әрекет объектілерінен. Мәселен, таным іс-әрекетінде заттарға бөліну негізінде ары қарайғы затталуға арналған.


Еңбектік өндірістік іс-әрекет көбінесе затталумен сипатталады. Кем дегенде екі адамның біріккен іс-әрекетімен анықталатын қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекет затталу мен заттарга бөлінудің қатынастарының ішкі бірлігін жүзеге асырады. Мәселен, қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекетті жүзеге асырудың формасы болып табылатын вербальды қарым-қатынаста сөйлеу тыңдаушының оны затқа бөлуі үшін мағынаны заттайды, себебі тыңдау процесінде оны ары қарайғы заттау үшін мәтіннің осы мағынасының, мағыналық мазмұнының заттарға бөлінуі, ашылуы жүзеге асырылады.

Бұл сипаттама коммуникативтік процестің негізі ретінде қарастырылуы мүмкіндігін атап кету жөн. Коммуникация - бұл затталу және заттарға бөліну кезіндегі субъектінің қоршаған шындықпен бағытталған байланысы; коммуникативті процестердегі ақпараттың материалдық тасымалдаушылар -тасымалдаушы жүйенің затталған іс-әрекет ретінде белгілі бір заттық-белгілік жүйелер болып табылады (К.К.Платонов, Н.М.Тавер); заттарға бөлішу іс-әрекет процестерінде ақпарат сәйкес коды болган жағдайда қайта құрылады. Затталу және заттарға бөліну процесстерінің мәнін және өзара ауысуларын түсіну адамның іс-әрекетін талдау үшін негіз болып табылады.

Осы категорияның біз берген анықтамасы А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясына және оның осы категорияның генезисін, мазмұнын және құрылымын түсінуіне негізделген. А.Н.Леонтьев жазған психика дамуының концепциясында «іс-әрекет» категориясы маңызды орын алады және адам белсенділігінің мәнін анықтаудың негізінде жатыр (М.Я.Басов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн).



Іс-әрекет - бұл адамның қоршаған ортамен арасындағы осы белсенді мақсатқа бағытталған іс-әрекет формасы болып табылады, ол осы өзара әрекеттестікті туындатқан қажеттілікке жауап береді (С.Л.Рубинштейн). Қажеттілік бұл іс-әрекеттің алғышарты, көзі болып табылады. Алайда қажеттілік өзбетті іс-әрекетті анықтамайды - оны осы қажеттілік неге бағытталғаны, яғни затқа бағытталуы анықтайды. «Кез келген іс-әрекеттің алғышарты белгілі бір қажеттілік. Алайда, қажеттілік өзбетті іс-әрекеттің нақты бір бағыттылығын анықтай алмайды. Қажеттілік өз анықтылығын тек іс-әрекеттің затында ғана алады: ол өзін сол затта табуы керек тәріздес». Мәселен, композитордың іс-әрекеті музыкалық туынды жасауға бағытталған, шлифовщик немесе фрезеровщик - өңделіп жатқан детальге қажетті формалар, профильдер, сипаттамалар келтіруге, ұстаздың іс-әрекеті -әлеуметтік-мәдени тәжірибені тасымалдауға, оқушылардың мәлім етілетін мәліметтерді меңгеруін ұйымдастыруға т.с.с. Оқушының іс-әрекеті осы тәжірибені меңгеруге бағытталған. Басқаша айтқанда, іс-әрекет оның қажеттілігін тудырған затты анықтайды. Іс-әрекеттің заттылығы сәйкесінше оның сипаттамаларының негізгісі болып табылады. Іс-әрекеттің заты бойынша оның түрлерін бөледі және атайды, мысалы педагогикалық, құрылымдық т.с.с. Зат - іс-әрекеттің психологиялық мазмұнының негізгі элементтерінің бірі, оған әдістер, тәсілдер, өнім және нәтиже кіреді. Іс-әрекеттің маңызды сипаттамасы бұл оның мотивтендірілуі, оны қарастырған уақытта іс-әрекеттің бастапқы сәті өзіне көңіл аударады, яғни оның алғышарты - затта өзінен тапқан қажеттілік. «Қажеттілік затта өзінің анықтылығын табатындықтан, аталған зат іс-әрекетті тудыратындықтан түрткісі болады». «Міне, іс-әрекет ұғымын мотив, түрткі ұғымымен қажеттіліктен байланысты. Мотивсіз іс-әрекет болмайды». Бұл жерде, егер қажеттілік, мысалы таным қажеттілігі кітаптың жақсы мазмұны сияқты затта өзін тапса онда осы затта өзін тапқан қажеттілік, немесе, «затталған қажеттілік» іс-әрекеттің ішкі мотиві бола бастайды. Ішкі мотив іс-әрекет кұрылымының өзіне кіреді. Мұнда осы анықтаманы С.Л.Рубинштейннің іс-әрекет мотивін түсінумен сәйкестендіру маңызды: «Кез келген әрекет мотивтен шығады, яғни маңызды бір нәрсені басынан кешіруді тудыратын мотивтен, бұл осы әрекетке индивид үшін мәнін береді. Осы анықтамада бастан кешіру факторы маңызды, ол қажеттіліктің затпен «кездесуімен» қатар болуы мүмкін, алайда саналы түрткі ретінде болмауы да мүмкін.

Ішкі мотивтермен қатар, іс-әрекет сыртқылармен де - Л.И.Божович бойынша кең әлеуметтік немесе жеке мотивтермен туындайды. Мысалы осы мектепте оқудың пайдалылығы мотиві, өз өсімінің мотивтері міндет мотивтері - оқушының оқу іс-әрекетінің өзіне қатысты сыртқы. Бұл жерде олар «білінетін, түсінілетін» болуы да мүмкін, «шынайы әрекет ететін» де болуы мүмкін. Алайда жалпы алғанда қоғамдық мінез-құлықтың күшті тудырушылары бола отырып, осы сыртқы мотивтер өзімен өзі оқушының оқу материалын меңгеруге бағытталған оқу іс-әрекетіне қосылуын қамтамасыз ете алмайды. Олар оқушының оку тапсырмасын қабылдауын анықтай алмайды. Осы процеске ішкі, таным мотивтері де қосылуы қажет. Сыртқы «түсінілетін» мотивтер белгілі бір шарттарды әрекет етуші бола бастайды, деп А.Н.Леонтьев көрсеткен. Оқушы сабақты оның мектеп (дәлірек айтқанда, оның қабылдаған оқушы әлеуметтік ролінің) талабы екенін білетіндіктен орындайды. Міне ол бірнеше рет үй тапсырмасын жасайды, ата-аналарына өте жақсы бағасын алғым келеді деп түсіндіре отырып немесе ата-анасын немесе мұғалімін қуантқысы келетіндіктен жақсы жазады. Енді бірде ол жұмысты тапсырманың неғұрлым қызықты шешімін тапқандықтан жасағанын айтады. Бұл жоғарғы, шынайы, ішкі, процесске бағытталған, шынайы әрекет ететін таным мотивінің жеңісі. Сәйкесінше, А.Н.Леонтьевтің артынан ере отырып іс-әрекетті «бұл адамның дүниеге деген белгілі бір қатынасын жүзеге асыра отырып, ерекше, оларға сәйкес қажеттілікпен жауап беретін процестер» деп атаймыз. Іс-әрекеттің осындай анықтамасы оның әрқашанда затты және мотивтендірілгенін білдіреді - белсенді мақсатқа бағытталған процесс ретінде затсыз, мотивтендірілмеген іс-әрекет болмайды. Және егер іс-әрекеттің заты дегеніміз - бұл оның неге бағытталғаны болса, онда мотивтің анықтамасы - осы іс-әрекет не үшін жасалады деген сұраққа жауап.

Адамның іс-әрекетін анықтайтын сипаттама бұл оның мақсат бағыттылығы. Іс-әрекеттің мақсаты, дәлірек айтқанда оған кіретін әрекеттердің мақсаты бұл оның интеграциялаушы және бағыттаушы бастамасы. Жалпы методологиялық жоспарда мақсат ойлауда іс-әрекет нәтижесін алдыңғы қатарлы қою және белгілі бір құралдардың көмегімен жүзеге асыру.

Белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асырар алдында адам Л.Фейербахтың айтуынша «оның басында ол оған сәйкес құрайтын, жүзеге асыратын бір идея, образ болады». Мақсат, жоспар, келешек әрекеттің нәтижелерін көре білу нақты адам мен қоршаған шындықтың арасындағы өзара әрекеттестітің ерекше формасын көрсетеді, «адам өзінің және басқа табиғи күштерін процестің басында ойлауда болған, яғни форма түрінде немесе зат образында болған салдар немесе мақсатты жүзеге асыруға міндетті себеп ретінде әрекет келтіреді.(И.Элез). А.Н.Леонтьевке сәйкес психологиялық мақсат іс-әрекеттің затымен байланысты. Осылайша іс-әрекет мақсаты оның мотивтерімен де байланысты екен. Бұл байланыс адамның іс-әрекетінде оның мотивінің мақсатқа деген қатынасы ретінде туындайды. Алайда бұл қатынасты қарастырар бұрын іс-әрекеттің тағы бір сипаттамасын белгілеп өтейік - оның саналылығы. Саналылық іс-әрекет субъектісіне (өзін сезінуі, рефлексия) немесе мазмұнына, іс-әрекет процесіне жатуы мүмкін. Мәселен «...жеке танымның әр актісі өзіндік сананы, яғни субъектінің өзі туралы нақты емес білуін білдіреді. Бұл анық емес білімді аныққа айналдыруға болады, яғни өзіндік сананы рефлексияға айналдыру. Бұл жағдайда субъект өзінің уайымдарын талдайды, өзінің психикалық өмірінің ағымын бақылайды, өз «менінің» сипатын анықтауға тырысады, т.с.с. Рефлексияның әрбір актісі - бұл түсінудің, ұғынудың актісі».

Іс-әрекет мазмұнын сезінуге қатысты А.Н.Леонтьев «белсенді сезіну» мен санада «жай пайда болғанды» айырады. Кез келген іс-әрекеттің, соның ішінде оқу іс-әрекетіндегі осы ерекшелігін талдау үшін субъект үшін тек оның мақсатты белсенділігінің заты болып табылатын ғана мазмұн белсенді сезінеді, яғни белгілі бір іс-әрекет жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы әрекетінің тікелей мақсаты құрылымдық орын алатын мазмұн ғана сезінеді деген тұжырым маңызды.

Іс-әрекет саналылығының келтірілген анықтамасы оқушының оқу іс-әрекетін талдауда өте маңызды. Мысалы, кіші сыныптардағы оқушы өзінің даму деңгейі бойынша әрқашанда рефлексияда бола алмайды және оқу пәнінің мазмұнын өзінің оқу іс-әрекетінің мақсаты ретінде белсенді сезіне алмайды. Яғни мұғалім міндеттерінің бірі оқушыда осындай мақсаттың біртіндеп қалыптасуы үшін шарттар жасау.

Іс-әрекетте оның әрекет іс-әрекет бірлігі оның, клеткасы, ал операциялары - әрекетті жүзеге асыру әдістері болып табылатын ішкі құрылымын бөледі. Әрекет іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі ретінде өзбетті іс-әрекет бола алады және керісінше операцияға айнала алады. А.Н.Леонтьевке сәйкес, әрекет - бұл мотиві оның затымен сәйкес келмейтін, керісінше ол қосылған іс-әрекеттке жататын процесс.

Оқушының кітап оқуы әйгілі мысалында А.Н.Леонтьев іс-әрекет пен әрекет арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мәселен, егер оқушы кітапты өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бір жаңаны білу үшін (кітапта жазылғанды өзінде табу үшін) оқыса мұндай процесс іс-әрекет деп аталына алады. Ол кітаптың мазмұнына бағытталған. Нағыз мазмұны кітапты оқуға тартты, ол осы іс-әрекеттің ішкі мотиві болган. Егер оқушыны алаңдатса ол жағымсыз эмоцияларды басынан кешіреді, ол өз іс-әрекетін келмесе де ляззатсыз тотатады. Егер оқушы кітапты тек емтихан тапсыру үшін ғана оқыса, бүл мүлде басқа. Сәйкесінше мүндай процесс тек әрекеттер жиынтығы деп қана сипатталуы мүмкін. Егер оқушыны осындай оқудан алаңдатса ол әдетте жеңілденуді сезінеді, бұл да іс-әрекеттің жоқтығын көрсетеді.

Бұл жағдайда кітапты оқу, ол оқушы оның қажеттілігін тек емтиханға дайындық үшін ғана сезінгенге дейін созылған жағдайда әрекет болып қалады. Өйткені ол бағытталған зат (кітап мазмұнын меңгеру) оның мотиві емес. Оқушыны оқуға итеріп тұрған бұл емес,. ол емтиханды тапсыру қажеттілігінен деп көрсетеді А.Н.Леонтьев. Әрекеттің тікелей мақсаты, мысалы оқушының мүғалімнің сұрақтарына мазмұнды толық жауап беруі, мотивпен, оқушының мұғаліммен өз ойымен бөлісу қажеттілігімен сәйкес келген уақытта (оның заты) (ал мұғалім бұл қажеттілікті қанағаттандыра алуы мүмкін) бұл әрекет ашық тұлғалық-маңызды мотивтендірілген мазмұндау іс-әрекетіне айналады. Бұл нақ осы әрекетті орындаудың және нақты мысалдағы оқудың коммуникатитвті іс-әрекетін қалыптастырудың ең жақсы алғышарты бола алатын шарттар болып табылады.

А.Н.Леонтьевтің мына ойын да бөліп көрсету қажет, адам әр әрекеті орындауға белгілі бір мән береді және оны іс-әрекеттің мотивімен сәйкестендіреді. «Міне, кез келген саналы әрекет оның психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын белгілі бір іс-әрекеттің ішінде қалыптасады». Бұл жерде әрекеттің саналы операция бола алатыны, ал оқу процесінде болуы тиістілігі көрсетіледі. Кез келген саналы операция «алғашқыда әрекет ретінде қалыптасады», ол ондайға содан айналады. Мәселен, оқушылардың саналы орындалатын шетел тілінің дыбысын айтудың фонетикалық әрекеті осы дыбыс сөз кұрамына, сөйлемге енген кезде «саналы» операцияға айналады. Н.А.Бернштайм бойынша оперция фондық автоматизм деңгейіне

өте отырып, әр түрлі шарттарда бүкіл сөзді айту әрекетін орындау әдісіне айналады. Осы сызбаны талқылай және талдай отырып В.П.Зинченко мен В.М.Мунипов осы әрекеттің — қол жеткізуге міндетті нәтиже туралы ойға бағынышты процесс, яғни саналы мақсатқа бағынышты процесс екенін белгілейді. (А.Н.Леонтьев). Интенционалды (жэне идеалды) аспектіден басқа әрекеттің операциялық аспектісі де бар, ол мақсаттың өзімен емес, шынайылықтың функционалды маңызды қасиеттерімен анықталады. Функционалды маңызды қасиеттерге шынайылықтың шарттары мен заттық қасиеттерін кіреді Сондықтан авторлар іс-әрекеттің функционалды құрылымының сызбасына «операция» ұғымынан неғұрлым ұсақ ұғым, дәлірек айтқанда, функционалды блок ұғымын енгізе отырып нақтылауды ұсынады.



Қарастырылғанның барлығы бір жағынан «іс-әрекет» категориясының субъектілік, заттылық, белсенділік, мақсат бағыттылық, мотивтілік, саналылық сияқты сипаттамаларында оның үлкен мағыналық мәнін, ал екінші жағынан — оның психологиялық мазмұнының компоненттерінің (заты, құралдары, әдістері, өнісі, нәтижесі) және әрекеттер мен операцияларды қосатын сыртқы құрылымының көмегімен оның үлкен функционалды түсіндіруші күшін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет