Курсты оқытудың мақсаты:
1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру. Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері- поэмаларындағы ақындық адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету. 9 «А», «Б»-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының күнтізбелік жоспары Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы негізінде жасалды. 9-сыныпқа арналған курс жүктемесінің көлемі– аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат. Оқу пәнінің 9- сыныптағы базалық білім мазмұнындағы тақырыптар 33 сағатқа мөлшерленген, сондықтан 1 сағат шығармашылық жұмысқа бөлінді. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 9-сыныптың соңында оқушылар: 1) Абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері; 2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі; 3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі; 4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге; 5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көрке оралымдарымен байытқандығын білуі; 6) Абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі; 7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі; 8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі; 9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі; 10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі; 11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі; 12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс. Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері: 1) ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білуі; 2) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларының тақырыптық және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі; 3) ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білуі; 4) Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі; 5) өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы өзара үндестікті түсіне білуі; 6) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын көрсете білуі тиіс.
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 жыл.
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 жыл.
3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 жыл.
4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 жыл.
5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 жыл.
6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 жыл.
7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 жыл.
8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 жыл.
9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 жыл.
10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 жыл.
11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 жыл.
12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 жыл.
13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 жыл.
14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 жыл.
15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 жыл.
16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 жыл.
17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 жыл
18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі
19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 жыл.
20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 жыл.
21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 жыл.
2) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 жыл.
23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 жыл.
24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 жыл.
25) Республикалық «Абай» журналы.
Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны 1. Кіріспе. Адамзаттың Абайы-1сағат. Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы. 2. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат бөлінген: 1) Абайдың өмірі -2сағат, ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері; 2) ақынның халық даналығын тануы-1сағат, Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы; 3) Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар -1сағат, Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар; 4) Абай және орыс әдебиеті-1сағат, Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері; 5) Абай және Пушкин -2сағат, Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер; 6) Абай және батыс әдебиеті -2сағат, Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері; 7) Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы -1сағат, Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |