Бағдарламасы пән мұғалімдері: Б.Ә. Казиева, К. К. Хайсина, М. М. Сүйіндікова Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы Мазмұны


«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға - 3 сағат бөлінген



бет8/11
Дата14.10.2023
өлшемі258,5 Kb.
#114926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5. «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға - 3 сағат бөлінген:
1) Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі;
2) «Би екеу болса, дау төртеу болады» -1 сағат, үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы, ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы;
3) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңдерінде Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой-1 сағат;
4) «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңіндегі ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, ой қуып, ақылға еру хақында, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігі, әлеуметтік өмірдің шынайы суреттері, адамгершілік, әділеттілік мәселелері- 1 сағат.
6. Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға - 2 сағат бөлінген:
1) ақын сынының негізгі объектісі мен тақырыбы, Абайдың өз заманындағы қоғамдық қайшылықтарды, ел билеу жүйесін, ұлық, болыс, би, т.б. пысықтардың жемқорлық айла-амалдарын әшкерелеу шеберлігі;
2) «Улы сия, ащы тіл»-1 сағат, он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері; «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;
3) «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінде пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі; «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіндегі адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы-1 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет