Бағдарламасы пән мұғалімдері: Б.Ә. Казиева, К. К. Хайсина, М. М. Сүйіндікова Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы Мазмұны


«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға -1 сағат бөлінген



бет7/11
Дата14.10.2023
өлшемі258,5 Kb.
#114926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2. «Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға -1 сағат бөлінген:
1) абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.
3. «Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын оқытуға -3 сағат бөлінген:
1) «Талапты ерге нұр жауар» отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы. «Еңбек етсең ерінбей» отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы-1 сағат;
2) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі-1 сағат, өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;
3) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі- 1 сағат, поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі.
4. «Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауын оқытуға – 4 сағат бөлінген:
1) Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;
2) Табиғат лирикасы-2 сағат, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.
3) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;
4) Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам - 1 сағат, отыз жетінші қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі;
5) «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі-1 сағат, ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;
6)«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңіндегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет