Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға
билеттер сату бағдарламасы шеңберінде сыйлықтарға ұтыс ойынын жүргізудің
ережелері
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Сыйлықтарға ұтыс ойынын жүргізу (бұдан әрі – Іс-шара) Алматы
қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға (бұдан әрі –
Универсиада)
билеттер сатуды ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
1.2.
Іс-шара осы ережелерге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүргізіледі.
1.3. Іс-шараны ұйымдастырушы болып «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші
Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ
(бұдан әрі – Дирекция) табылады, мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй,
10-қабат.
1.4. Іс-шараға дайындалу және өткізу бойынша барлық ұйымдастырушы-
техникалық жұмыстарды ресми билеттік оператор – «KASSIR.KZ» анықтаған техникалық
компания орындайды, ол Ұйымдастырушының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет
етеді.
1.5. Іс-шара Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
1.6. Іс-шараның сыйлық қоры өз өнімдерін ұсынатын Универсиаданың ресми
демеушілерінің есебінен қалыптастырылады.
1.7. Іс-шараға Ұйымдастырушының қызметкерлеріне және өкілдеріне, сондай-ақ
қызметкерлер мен өкілдердің жақын туыстарына, және Іс-шараны өткізуді ұйымдастыруға
немесе осы Іс-шараны өткізуге тікелей қатысы бар қызметкерлерге және кез-келген басқа
тұлғалардың өкілдеріне, олардың жақын туыстарына қатысуға тыйым салынады.
1.8. Іс-шара Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңының 1 бабы 4) тармақшасында көзделген
мән бойынша лотерея болып табылмайды және тек Универсиадаға билеттер сатуды
ынталандыруға ғана бағытталған.
1.9.
Іс-шараны өткізу ережелері, ұтыс ойынының нәтижелері, сонымен қатар
Іс-шараны өткізуге қатысты басқа ақпарат www.almaty2017.com ресми сайтында (бұдан
әрі – Сайт) жарияланады.
2.
Іс-шараларды өткізу мерзімдері мен сыйлықтарды ойнататын орындар
2.1.
Іс-шара 2016 жылғы 21 желтоқсан және 2017 жылғы 8 ақпан аралығында
өткізіледі.
Іс-шара сыйлықтарын ойнатуға 2016 жылғы 15 қазан және 2017 жылғы 8 ақпан
аралығында сатып алынған билеттер қатысады.
2.2.
Сыйлықтарды ойнатудың бірінші кезеңі: 2017 жылғы 11 қаңтарда сағат
23:59:59 дейін сатып алынған билеттер қатысады.
2.3. Сыйлықтарды ойнатудың екінші кезеңі: барлық сатып алынған билеттер
қатысады.
2.4. Ұтыс ойындарының бірінші және екінші кезеңдерін өткізудің орындары мен
уақыттары туралы ақпарат
www.almaty2017.com
сайтында жарияланады.
3.
Іс-шараға қатысушылар
3.1. Іс-шараға 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағынада тұратын,
Универсиаданың спорттық жарыстарына, сондай-ақ Универсиаданың ашылу және жабылу
салтанаттарына билет сатып алған кез-келген жеке тұлға – Қазақстан Республикасының
азаматы (бұдан әрі – Қатысушы) қатыса алады.
3.2.
Іс-шараға қатысу Қатысушының оны өткізу шарттарымен және
ережелерімен танысқандығын және келісетіндігін білдіреді.
3.3. Қатысушы Іс-шараға қатысуға байланысты өз құқықтарын үшінші тұлғаға
(тұлғаларға) бере алмайды және/немесе басқа жолмен ұсына алмайды.
3.4. Қатысушының Іс-шараға қатысудан бас тарту немесе тартыну құқығы бар.
3.5. Қатысушы Іс-шараға қатыса отырып, өзіне қатысты барлық жеке ақпаратты тек
Ұйымдастырушы немесе оның аталған Іс-шараны өткізуге қатысты құпия мәліметтерді
жарияламау туралы келісімнің негізінде әрекет ететін өкілдері ғана пайдаланады және осы
Іс-шараға қатысы жоқ мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға берілмейді деген шартпен, өзінің
дербес мәліметтерін өңдеуге өз келісімін береді.
3.6. Іс-шараға қатысушы өзінің Іс-шараға қатысуына қатысты барлық шығындарды:
салықтар мен басқа төлемдер және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген
жинақтарды, көлік шығындарын және Қатысушыда пайда болуы мүмкін басқа
шығындарды өз есебінен төлейді. Көрсетілген шығындарды Ұйымдастырушы төлемейді
және өтемейді.
3.7. Іс-шараға қатыса отырып, Қатысушылар өздерінің аты-жөндері, фотосуреттері,
сондай-ақ басқа мәліметтері Қатысушылардың қосымша келісімісіз және оларға қандай да
бір бөлек қосымша сыйақы төлеусіз жарнамалық мақсатта пайдаланылуы мүмкін
екендігімен келіседі.
4.
Сыйлық қоры
4.1.
Ұтыс ойынының бірінші кезеңінде ойнатылатын сыйлықтар: 6" PocketBook
электрондық кітабі, LG тоңазытқышы, Huawei Mate 8 смартфоны, Bosch кір жуу
машинасы, Samsung кір жуу машинасы, тұрмыстық тонометрлер, жылу өлшегіштер,
ингаляторлар, «Coca-cola» компаниясының сусындар, «Demeu food» компаниясының тегін
бургерлеріне сертификаттар: «Отбасылық түскі асқа» үш сертификат және 20 тегін
бургерлік «Бургер кеші» сертификаты, үй ДК арналған Dr. Web вирусқа қарсы
бағдарламалардың пакеттері.
4.2. Ұтыс ойынының екінші кезеңінде ойнатылатын сыйлықтар: «Active» ұялы
байланыс қызметтерінің жылдық пакеттері, Sony үй кинотеатры, Notebook Asus, Notebook
Apple, MacBook Air 13", Desktop Apple iMac 21.5", Apple iPhone 7 смартфоны, LG
шаңсорғышы, Bosch тоңазытқышы, LG музыкалық орталығы, Sony музыкалық орталығы,
iPad Pro 9.7 32GB WiFi Gold, Nikon сандық фотоаппараты, Canon сандық фотоаппараты,
GoPro бейне камерасы, Samsung бейне камерасы, Bosch ыдыс жуу машинасы, Beko ыдыс
жуу машинасы, Саппородағы Азия ойындарына 2 әуе билеті (бұдан әрі – Сыйлық), 2 Air
Astana авиабилеттер, Panasonic 43" теледидары, Sony 48" теледидары, LG үй кинотеатры,
екі бөлмелі пәтер (бұдан әрі – Бас жүлде).
5.
Іс-шараны өткізу тәртібі және жеңімпазды анықтау алгоритмі
5.1.
Осы Ереженің 4 бөлімінде көрсетілген сыйлық қорын ойнату осы Ереженің
2.2 және 2.3 тармақшаларында көрсетілген орындар мен мерзімде өткізіледі.
5.2 Ұтыс ойынына шақыру билеттері мен Универсиаданың спорттық жарыстарына
және Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттарының тегін билеттері қатыспайды.
5.3.
Ұтыс ойынын Ұйымдастырушы белгілеген комиссия және жүргізушілер
жүргізеді.
5.4. Ұтыс ойыны келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
•
ұтыс ойынының әрбір кезеңінің алдында комиссияға бос ішіндегі
көрінбейтін қапшық және оларға 0 бастап 9 дейінгі сандар жазылған 10 бірдей шар
беріледі. Комиссия мүшелері қапшықтың бос және шарлардың бірдей екендігіне көз
жеткізеді;
•
жүргізуші қандай Сыйлық (4 бөлімде көрсетілген) ойнатылатынын
жариялайды;
•
комиссия мүшелерінің қатысуымен бос, ішіндегісі көрінбейтін қапшыққа
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 нөмірлері бар 10 бірдей шар салынады. Ары қарай жүргізуші
комиссия мүшелерінің біреуіне бір шарды шығару құқығын береді. Жүргізуші шарды
көрсетеді және оның нөмірін жариялайды;
•
ұтқан билетті анықтау мақсатында шығарылған шарлардың барлық
нөмірлері тәртіп бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуге енгізіледі, ол ұтыс
билетінің нөмірі қалыптастырылғанға дейін сәйкестіліктің санын анықтайды.
5.5 Ұтыс комбинациясы анықталғаннан кейін 5.4 тармақшасында көрсетілген
әрекеттер қайталанады.
5.6. Билетінің нөмірі ұтыс комбинациясының нөмірімен сәйкес келген қатысушы
ұтыс ойынының жеңімпазы (бұдан әрі – Жеңімпаз) аталып, әрбір ұтыс ойынының алдында
жарияланатын сыйлықты алу құқығына ие болады.
5.7.
Билеттердің ұтыс нөмірлері ары қарай ойнатудан шығарылады.
5.8.
Ұтыс ойынының айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, ұтыс ойынының
үдерісінің өзі Универсиаданың ресми YouTube арнасында тікелей беріледі, оған сілтеме
Сайтта орналастырылады.
6.
Сыйлықтар мен бас жүлдені алудың тәртіптері мен мерзімдері
6.1.
Қатысушыны Жеңімпаз деп тапқан жағдайда, осы Ережелерге сәйкес,
Сыйлықты келесі мерзімдерде алуға болады:
-
ұтыс ойынының қорытындылары шығарылғаннан кейін бірден осы
Ереженің 2.2 тармақшасында көрсетілген жерден;
-
ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Алматы
қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй, 10-қабат мекен-жайы бойынша.
-
түбіртегі жұлынған билеттерге қосымша талаптар қойылады. Билет иесінің
билет нөмірін нақтылау үшін жұмсаған уақыты ережелермен белгіленген мерзімге
жатпайды. Қатысушының ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде
билеттің нөмірін анықтауға өтініш білдіру құқығы бар, және ұтқан жағдайда жүлде алуға
сенімі бар.
Сыйлықты алу үшін Жеңімпаздың Қазақстан Республикасы азаматының жеке
куәлігін (және/немесе Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын
басқа құжатты) ұсынуы, сондай-ақ Ұйымдастырушының өтініші бойынша Сыйлықты
алғандығы туралы актіге қол қоюы, Ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігінің (және/немесе Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын
куәландыратын басқа құжаттың) көшірмесін беруі керек. Сондай-ақ Жеңімпаздың
көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынудың орнына және Сыйлықты алғанға дейін
аталған құжаттың көшірмесін электронды түрде
office@almaty2017.kz
электрондық
поштасына жіберуге құқығы бар.
6.2.
Бас жүлдені алу үшін Жеңімпаздың «Алматы қаласындағы 2017 жылғы
28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция»
мемлекеттік қорына тиісті өтініш жазуы керек.
6.3. Егер Жеңімпаз ұтыс ойынын өткен күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде
Сыйлықты алу құқығын пайдаланбайтын болса, онда Ұйымдастырушының Жеңімпазға
Сыйлық беруден бас тарту құқығы бар.
6.4. Егер Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы осы Ережемен белгіленген тәртіпте
және мерзімде өзіне тиесілі сыйлықты алмаған жағдайда, талап етілмеген Сыйлықтар
Ұйымдастырушының иелігінде қалады және Қатысушыларға берілмейді.
6.5. Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы осы Ережеде көрсетілген әрекеттері
жүзеге асырудан, 6.2 тармақшаға сәйкес құжаттарды ұсыну туралы талапты қоса, бас
тартқан жағдайда, сондай Қатысушы Сыйлы алудан бас тартқан болып саналады және
Сыйлық Ұйымдастырушының иелігінде қалады.
6.6.
Сыйлықтардың меншік құқықтары оларды алған уақыттан бастап
Жеңімпазға өтеді. Сыйлықты алған уақыттан бастап оның кездейсоқ опат немесе бұзылу
қаупі үшін жауапкершілік Жеңімпазға жүктеледі. Ұйымдастырушы сыйлықтарға қатысты
ешқандай кепіл бермейді.
6.7. Сыйлық және бас жүлде қайтаруға және оларды ақша эквивалентіне
ауыстыруға тиесілі емес.
7.
Ұйымдастырушының міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі
Ұйымдастырушының:
7.1. Кез-келген уақытта Іс-шараны өткізу шарттарын өзгертуге немесе тоқтатуға,
оның ішінде осы Ереженің 4 бөлімінде көрсетілген сыйлықтардың саны мен атауын
өзгертуге, тиісті өзгертулер/тоқтату күшіне енгенге дейін бір күн бұрын ол туралы Сайтқа
ақпарат жариялау арқылы Ережеге өзгерту енгізуге;
7.2. Қатысушы Ережеде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайда, Қатысушыны
Іс-шараға қатысуға қабылдамауға;
7.3. Қатысушыны дисквалификациялауға, яғни, Ұйымдастырушыға Қатысушының
Ережені бұзғандығы туралы белгілі болған жағдайда, Қатысушының Іс-шараға қатысуды
жалғастыруын мойындамауға;
7.4. Ұйымдастырушы ұтыс ойынының нәтижелерін анықтау үдерісінде
бұзылыстарды анықтаған жағдайда, ұтыс ойынының нәтижелерін жоққа шығаруға немесе
қайта қарауға;
7.5. Қатысушы осы Ережеде көрсетілген ақпаратты және/немесе құжаттарды
ұсынбаған жағдайда, Қатысушыға Сыйлық беруден бас тартуға құқығы бар.
Ұйымдастырушы:
7.6. Ережеде белгіленген ережелер мен үрдістерді сақтауға;
7.7 Қатысушыларға Іс-шараға қатысуға қабылдамағандығы, дисквалификациялау,
Іс-шараның шарттарының өзгергендігі туралы немесе Іс-шараны өткізуге қатысты кез-
келген басқа оқиғаларды Сайтқа тиісті ақпарат жариялау жолы арқылы хабарлауға
міндетті.
Ұйымдастырушы:
7.8. Қатысушының көрсеткен дұрыс емес мәліметі;
7.9. Сайттағы, оның ішінде ақпаратты Сайтқа жүктеген кездегі дұрыс емес ақпарат,
технологиялық сипаттағы басқа да бұзылыстар, оның ішінде осы ереженің
5.5 тармақшасында көретілген, Іс-шараны өткізу мерзімдері мен тәртібіне және оның
нәтижелеріне әсер ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудегі бұзылыстар;
7.10. су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, әскери әрекеттер және Ұйымдастырушы
алдын-ала болжай алмайтын және әрекетін жоққа шығара алмайтын басқа ұқсас
жағдайларды қоса, бірақ, шектелмей, ырық бермейтін күш жағдайларының пайда болуына
байланысты өз міндеттерінің бұзылуына жауапкершілікте болмайды.
8.
Басқа шарттар
8.1.
Ұйымдастырушы, осы Ережелерде көрсетілген жағдайлардан басқа,
Қатысушылармен жазбаша келіссөздер жүргізбеу немесе басқа да байланысқа түспеу
құқықтарына ие.
8.2. Қатысушылар Іс-шараны өткізуді ұйымдастыруға қатысты шағымдарын келесі
мекен-жайға: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 280-үй, «Алматы Тауэрс» БО, солтүстік
мұнара, 10-қабат немесе ақпараттық желінің 8 (727) 313 23 25 телефоны бойынша жібере
алады.
Ұйымдастырушы Қатысушылардың шағымдарына қатысты шешімді шағымдарды
алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес уақыт ішінде шығарады.
8.3. Ұтыстың екінші кезеңінде пәтер мен көптеген басқа жүлделер болады,
турникеттен өткен билеттер ғана қатысады. Тек қана билет сатып алмай, жарысқа келу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |