Іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша есеп беру құжаттары. Педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде жасалған жұмыс туралы есеп.
Жұмыстың дербес жоспары.
Педагогикалық күнделік
Өткізген сабақ жоспарлары
Өз сабагына жасалған талдау
Сынып жетекшісінің оқушылармен жасалған жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстың (пән бойынша) жоспары.
Тәрбие сағатының жоспары.
Психология пәнінің тапсырмасы
Пән мүғалімнің, сынып жетекшісінің мінездемесі
Практикант-студенттің жұмыс барысы.
Уақыты
(апта саны)
Жұмыс түрлері
Бақылау түрі
І апта
Бағдарлау конференциясын өткізу
а) Практиканттарды бөлінген мектептермен, пән әдіскерлерімен,
педагогика және психология кафедрасының әдіскерлерімен таныстыру.
б) Педагогикалық іс-тәжірибенің құжаттарымен таныстыру
Жазбаша есеп
ІІ апта
а) Оқу жылындағы мектеп ұжымының алдында тұрған міндеттерімен таныстыру.
ә) Жоспарланған жұмыстарды іске асырудағы белгіленген іс-шаралар.
б) Ата-аналармен атқарылатын жұмыс түрлерін білу.
Жазбаша есеп
ІІІ апта
Пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарымен танысу. Күнтізбелік жоспары, тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары.
Жазбаша есеп
ІV апта
Бөлінген сынып оқушыларының мінез-құлықтарын бақылап, танысу.
Мұғалімдердің, сынып жетекшілердің сабақтарына қатысып, бақылау жүргізу. Пән мұғалімінің сабақ беру тәжірибесімен танысып, конспектілеуді үйрену.
Жазбаша есеп
V апта
Бөлінген сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі, күнделікті өмір тіршіліктерімен танысу, күн режимінің орындалуын бақылап тексеру.
Пән мұғалімінің күнделікті өткен сабақтарына қатысып, әдіс-тәсілдерін үйрену.
Жазбаша есеп
VI
Мектептегі пән мұғалімдері мен оқу орнындағы әдіскердің практикант жайлы пікір алмасуы.
Жазбаша есеп
VII
Практиканттың іс-тәжірибені қорытындылауы.
Іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша мектепте шағын педагогикалық кеңес өткізу.
Іс-тәжірибенің құжаттарын дайындап өткізу.