Бағдарламасы Shot p 2209 Шахмат ойынының теориясы мен практикасы пәнінің оқу әдістемелік кешені


Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар



бет47/49
Дата29.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#144974
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ШАХМАТ ОӘК 4-курс 23-24

Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БАОӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс.
БАӨЖ – білім алушының алған білімдерін тереңдетуге, бекітуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған белгілі бір сұрақтарды өзінің игеруі.
БАӨЖ сағаттары күнделікті өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалармен расталуы, дәлелденуі керек.
БАӨЖ түрлеріне сипаттама:
Сабаққа дайындық - дәрісханалық және практикалық сабақтардың материалдарын игеруге, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, жекелеген әдебиеттердің қажетті бөлімдеріндегі мақалаларды конспектілеуге арналған білім алушының өзіндік жұмысының қарапайым түрі.
Іскерлік ойынға дайындық – бұл білім алушының болашақ кәсіби қызметіне дағдылануын қалыптастыру мақсатында қажетті рольдерді бөлу, матриалдарды жинақтау жұмысы. Жұмыстың нәтижелері арнайы қорытындылар және ұсыныстармен рәсімделеді.
Ағымдағы және аралық бақылауға дайындық пәнді оқытуда әр түрлі тақырыптар бойынша білім деңгейін ауызша, жазбаша, тест түрлерімен анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеуге даярлық білім алушының курстың бөлімі немесе тақырыбы бойынша материалдарды ыждағаттылықпен оқуын қажет ететін жұмыс. Білім алушы дайындық барысында назарды арнайы терминдерге, атаулы күндердің мазмұнына, алгоритмдерге аудару керек.
Үй тапсырмасы оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының өзіндік жұмысы.
Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық жасауда- білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зерттеушілік дағдыларын меңгеруі, білім алушыны қызықтыратын сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақы, түсінікті түрде көрсетуі керек.
Эссе – тақырыптары оқылатын пәннің нақты сұрақтары бойынша орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы. Эссе - білім алушының белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ойламы, тұжырымдамасы. Эссенің ерекшелігі - оқытушы берген тақырып бойынша білім алушы өзінің жеке пікірін, ойын, шығармашылық түрде талдайды.
Глоссарий - белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.
Топтық презентация - 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.
Жеке презентацияны – өз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация - өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы БАӨЖ-да негізі болып табылады.
Жеке тапсырмалар бойынша әдістемелік нұсқау төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- жұмыстың мазмұны, мақсаты;
- негізгі ақпараттар;
- тапсырманың орындалу реттілігі;
- жұмыстың құрылымы мен рәсімделуіне қойылатын талаптар;
- жұмысты ұсыну және қорғау реттілігі;
- БАӨЖ әрбір тапсырманы бағалау критерийлері;
- әдебиеттер;
- БАӨЖ тапсырмаларын қабылдау және тапсыру мерзімдері.

Тапсырмалар:


1. Шахмат тарихының пайда болуы,
2. Шахмат туралы аңыздар. Шахмат ойынын жүргізу ережелері.
3. Ойын кезіндегі шахматшының мінез-құлық ережелері.
4. Шахмат ойында шабуыл жасау
5. Қорғау әдістері. шахмат ойынында
6. Ойынның тактикасы
7. Шахматты, жиынтықтарды және жабдықты ойнау ережелері
8. Шахматшылардың функциялары
9. Тактикалық қорғаудағы командалық ойында
10. Шахмат ойында командалық тактикалық әрекеттер
11. Әртүрлі спорт ойындарын оқыту әдістемесі
12. Шахмат жарыстарын ұйымдастыру және өткізу.
13. Шахмат ойында техникалық және тактикалық әрекеттер.
14. Стратегиялық әдістер.
15. Ұстанымын бағалау әдістемесі
16. Дамуда артықшылықты пайдалану
17. Ең нашар позицияларды қорғау
18. Бірдей позицияларда маневр жасау
19. Ойын жоспарын таңдаңыз
20. Шахмат жарыстарын ұйымдастыру және өткізу.
21. Шахмат ойындағы техникалық және тактикалық әрекеттерді жіктеу.
22. Шахмат ойнаудың әртүрлі техникалық және тактикалық әдістері
23. Матадағы проблемаларды 2 қадаммен шешу
24. Шахматтық стратегияның кейбір ерекшеліктері туралы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет