Бағдарламасы (syllabus) мазмұнында кеңістіктегі фигуралар, оларды шешу әдістері мен кеңістіктік есептерді және фигураларды жазықтықта салудың негіздері қарастырылады. Жоғарғы оқу орындарының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



Pdf көрінісі
бет20/61
Дата25.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#24311
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
 

6 Дәріс 

Тақырыбы:  Проекцияны  түрлендіру  сипаттамасы  және 

негізгі әдістері.  

 

Проекцияны  түрлендіру  сипаттамасы  және  негізгі 

әдістері. 

Жоғарыда  сызба  геометрияның  позициялық  есептерін,  яғни 

берілген 

шарттар 


бойынша 

орындалатын 

геометриялық 

бейнелердің  нақты  өлшемдер  құрылысын  шешу  қарастырылды. 

Бұл  шешімнің  негізгі  мақсаты  геометриялық  бейнелердің 

кеңістіктегі  орнын  анықтау  болып  табылады,  мысалы,  жазық 

геометриялық  бейненің  құрылысы,  екі  жазықтықтың  қиылысу 

сызықтары, жазықтықпен қиылысу нүктелері және т.с.с. Сондай-

ақ,  метрикалық,  яғни  берілген  өлшемдер  бойынша  бейнелердің 

нақты  өлшемдерін  немесе  осы фигуралар бейнесінің  құрылысын 

анықтауға арналған есептерді де шешудің мәні зор. 

Осы  және  мұнан  да  басқа  есептерді  шешуге  қажетті 

графикалық  құрылымдардың  саны  көп  жағдайда  бұл  есептің 

қиындығынан  ғана  емес,  жобадағы  кеңістік  формасының 

проекция жазықтығына қатысты орналасуына да байланысты. 

Нәрсені  немесе  оның  жекелеген  элементтерін  зерттеу 

барысында  графикалық  бейне  позициялық  және  метрикалық 

есептерге қатысты талаптарды қанағаттандыруы тиіс. 

Осы  сияқты  есептерді  шешудің  қолайлысы  берілген  екі 

проекция  нәтижесінен  жаңа  қосымша  проекция  құру  болып 

табылады.  Қосымша  проекциялар  жеке  элементтер  құлдыраған 

проекцияларын, болмаса осы элементтерді нақты мөлшерде алуға 

мүмкіндік береді. 



 

24 


 

Қосымша  проекцияларды  құру  сызбаны  түрлендіру  болып 

табылады.  Сондай-ақ  түрлендіруді  келесі  тәсілдер  арқылы 

орындауға болады: 

-  проекция  жазықтықтарын  қарастырылатын  объект  немесе 

оның  элементтері  жаңа  проекция  жазықтығына  қатысты  жеке 

орындардың бірінде орын алу шарты бойынша алмастыру тәсілі

-  геометриялық  образды  берілген  есеп  шартына  сәйкес, 

проекция жазықтығына қатысты жеке орын алатындай етіп бұру 

тәсілі; 


- белгілі проекция жазықтықтарының жүйесінде немесе жаңа 

проекция  жазықтығын  енгізу  арқылы  проекциялар  бағытын 

алмастыру. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет