Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет4/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

Қосымша әдебиеттер
1. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1961
2. Исаев С.М. Шаяхметова М.Х. Әдеби тілдің нормалары. А., 1987.
3. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. А., 1987.
4. Маманов Ы.Е. Тіл мәдениеті. А., 1985.
5. Нұрмаханов Қ. Сөз және шеберлік. А., 1987.
6. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995.
7. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.
8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
9. Головин Б.Н. Осыновы культуры речи. М., 1980.
10. Основы лекторского мастерства. М., 1978.
11. Приступа Г.Н. Культура речи учителя. Рязань, 1983.
12. Теппер Рон. Как овладеть искусством делового письма. М., 1994.
13. Солганик Г.Я. Дроняева Т.С. Стилистика и культура речи. М., 2002.
14. Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути их устранения. М.-Л., 1966.
Анықтамалық әдебиеттер
1. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1997
2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 2002.
3. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2005.
4. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. А., 1970.
5. Кеңесбаев І. К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы;1977.
6. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –А.:1984.
7. Жұмабекова А.Қ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –А.: 2000.
8. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. А., 2006.
9. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 2004.
10. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 2005.
11. Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі.
12. Синонимдер сөздігі. А., 2004.
13. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.
14. Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. А., 1983.


Бірінші апта
№1-дәрістің тақырыбы:
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Жоспар
1. Тіл білімінің зерттеу нысаны
2. Жалпы және жеке тіл білімдері
3. Диахрониялық және синхрониялық тіл білімдері

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Тіл білімінің ғылым ретіндегі зерттеу нысаны – тіл екенін әрбір адам жақсы біледі. Тіл – қоғамда өмір сүретін адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Тіл біздің ойымызды білдіреді, тіл арқылы адам ойлайды. Тіл – күрделі психикалық, жүйелік-құрылымдық құбылыс, адам дүниетанымының әрекетінің нәтижесі. 
Тіл білімі немесе лингвистика (грек linqua-тіл) – әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және олардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің дыбыстық жүйесі – тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы – лексикология саласында, грамматикалық құрылысы – грамматика саласында қарастырылады. Осы аталған салалардан басқа тіл білімінде лексикография, стилистика, фразеология сияқты салалар бар. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімі олардың әр түрлі қырларын, салаларын, дамуын, өзара байланысын, тілдің дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді.
Тіл белгілі бір жүйе жиынтығын құрайтыны сөзсіз. Тіл жүйесі туралы ілім неміс ғалымы В. фон Гумбольдтың есімімен тығыз байланысты. В. фон Гумбольдтың бұл идеясын әрі қарай дамытушы швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр болды. Фердинанд де Соссюр тілдің жүйелілігі туралы: «Тілдің барлық элементі – біртұтас болып келетін жүйе, ал жеке элементтердің мағынасы басқа элементтері болғандығы үшін ғана байқалады» – деп қорытындыжасайды.Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілдің жүйелік сипаты оның барлық салаларынан көрінеді. Мысалы, қазақ тілі фонетикасында дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік, ашық және қысаң болып бөлінуі тілде белгілі бір жүйе бар екенін көрсетеді. Осы сияқты мысалдарды тіл білімінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік салаларынан да келтіруге болады. Тілдің жүйелік қасиеті тілді меңгере білуге, оны қатынас құралыретіндепайдалануғамүмкіндікбереді.Тілді жүйелі түрде қарастыру қазіргі лингвистикада жеке бағыт алды. Осының негізінде тіл білімінде жаңа лингвистикалық бағыттар мен концепциялар, әдіс-тәсілдер пайда болды. 
Зерттеу мақсатына қарай тіл білімі жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы тіл білімі адам баласының тілі, тілдің даму заңдылықтары, тіл элементтерінің өзара қатынасы, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдері т.с.с. мәселелерді зерттеумен айналысады. 
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның пайда болу заңдылықтары мен даму заңдарын айқындайды, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерін белгілейді, дүние жүзі тілдерінің шығу тегі мен туыстық дәрежесіне қарай оларға классификация жасайды, тілдің ғылымдар жүйесінде алатын орнын анықтайды.
Жеке тіл білімі нақты бір тілдің (мысалы: қазақ, орыс, ағылшын) немесе туыстас тілдердің (мысалы: башқұрт, ноғай тілдері) жүйесі мен құрылысын, оның даму заңдарын зерттейді. Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің зерттеу нысандары әртүрлі болғанмен, олардың арасында өзара байланыс бар. Жалпы тіл білімі көптеген тілдердің зерттеу нәтижелерін есепке алып, оларды жинақтап, жалпы теориялық қорытындылар мен топшылаулар жасайды. Жалпы тіл білімінің теориялық қорытындылары мен топшылаулары жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар береді. Жеке тіл білімі жалпы тіл білімінің теориялық қағидаларына сүйеніп, ол қағидаларды зерттеу жұмыстарына негіз етіп алады. Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, оның тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттейді. Тіл, тілдік құрылым уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз, сонымен қатар тілге оның шығу тегі, дамуытұрғысынандақарауқажет. Тарихи тіл білімі – тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тілді шығу тарихы мен тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі диахрониялық тіл білімі деп аталады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгеруі мен дамуын білу оның қазіргі күйін, қыр-сырын жететаныпбілугемүмкіндікбереді.Тілді белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан зерттеп, сипаттама беретін тіл білімі синхрониялық тіл білімі деп аталады. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады.
Тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру қажет және ол өте маңызды болып табылады.
1-практикалық сабақтың тақырыбы:Тіл білімінің зерттеу нысаны ретінде пайда болуы.
Тапсырмалар:1.Қалыптасуы2.Дамуы
1 ОЖСӨЖ мазмұны: Лингвистиканың негiзгi мәселелерiн зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет