Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

Тапсырмалар:Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
Есеп беру түрі:баяндау
СӨЖтапсырмалары:Диахрониялық тіл білімі нені қарастырады? Синхрониялық тіл білімі нені зерттейді?
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша)
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1973, 1977, 1993жж.
2. Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1997 ж.
3. Хасанов Б. Языки народов Казахстана. Алматы, 2006.
Екінші апта
2 дәрістің тақырыбы: Тіл білімінің бөлімдері
Жоспар
1. Ішкі лингвистика2.Сыртқы лингвистика
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Барлық заттар мен құбылыстарға тән субстанциялы және функционалды қасиеттер тілге де тән. Бұл қасиеттер тілді жүйелі құрылым ретінде қарастырып зерттеуге мүмкіндік береді. Енді осы қасиеттерге жеке-жеке тоқталайық.Субстанциялы қасиет дегеніміз – заттар мен организмдердің және құбылыстардың оларға табиғатынан тән, туа біткен қасиеттері. (лат.substantia-«мән, маңыз»). Ол қасеиттер объектілердің ішкі жаратылысына тән, оның иманенттік қасиеті болып табылады және олар барлық басқа объектілерден сол ішкі қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Мысалы, адамның субстанциялы қасиеттері оның туа пайда болған ішкі құрылысымен (дене бітімімен, миының құрылысымен, нерв жүйесімен, қан айналу жүйесімен және зат алмасу үрдісімен) айқындалады.
Функционалды қасиет  (лат.functio-қатынас) объектінің сыртқы, жүре пайда болған және басқа объектілерге қатысты байқалатын қасиеттер. Ол қасиеттердің негізі объектінің ішкі құрылымында бұрыннан бар, даму үрдісі барысында көрініс тапқан қасиеттер. 
Жоғарыда айтылған осы қасиеттерді негізге ала отырып, тіл туралы ғылымның екі негізгі бағытын анықтауға болады: тілдің субстанциялы қасиетін зерттейтін ішкі лингвистика және тілдің функционалды қасиетін зерттейтін сыртқы лингвистика. Енді тіл біліміндегі осы екі бағытты жан-жақты қарастырыпкөрелік.Ішкі лингвистика тілді оның субстанциялық қасиеттері негізінде, жүйелі құрылым ретінде зерттейді. Жүйе дегеніміз – өзара шарттас, өзара байланысты, біртектес элементтердің бірлігі. Ол рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Тілдің жүйелі сипаты оның барлық деңгейлерінен – фонетикалық, лексикалық және грамматикалық деңгейлерінен көрінеді. Мысалы, белгілі бір тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстар жүйесі», «дауыссыз дыбыстар жүйесі» деп аталуы тектен тек емес. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік т.с.с. топтасуы тілде дыбыстық жағынан жүйе бар екенін көрсетеді. «Ы» мен «і» дыбыстары айтылуына қарай «ы» - жуан, «і» - жіңішке ретінде танылса, бұл екі дыбыс еріннің қатысы жағынан біртектес, езулік болып табылады.
Сыртқы лингвистика тілдің функционалды қасиеттерін зерттейді. Бұл қасиеттер «тіл және тілдік емес объектілер» жүйесінде қарастырылады. Аталмыш «объектілер» адаммен, оның биологиялық құрылымымен, өмір сүру формаларымен тығыз байланысты. Сыртқы лингвистика – ішкі лингвистика мен адамтану пәндерінің шекарасында пайда болған пән. Тілдің жүйелі құрылымы ретінде ғылымның адам туралы әр түрлі бөлімдеріне қатысына байланысты қазіргі тіл білімінде сыртқы лингвистиканың төмендегідей бөлімдері бар:
1) Биолингвистика (нейролингвисттика) – «тіл - адам биологиясы» қатынастарын, яғни тіл жүйесінің мидың қабатына әсерін зерттейді. Болмыстың тілдік бейнесі, оның ішінде сөзді айырып білу, нерв жүйесінің шеткі аймақтарынан – көру, есту және мидың орталық зонасына (Брок зонасы) шейін жүзеге асады, ал сөздің пайда болуы, кері бағытта, орталықтан шеткі аймақтарға өтеді. Биолингвистикада фонологиялық, лексикалық және грамматикалық нормалардан ауытқуына байланысты, тілдің парадигматика және синтагматика ережелерін сақтамаудан пайда болатын сөздің (тілдің) кемшілігін (афазия) зерттеуден өте құнды мәліметтер алынады. Бұл ауытқулар мидың қандай да бір жарақаттан, немесе миға қан құйылудан пайда болады. Биолингвистикалық мәліметтер билингвизмді зерттеуде өте маңызды: афазиядан кейін ана тілінде сөйлеу қасиеті жоғалады, бірақ та шет тілінде сақталып қалады, немесе, екі тілдің элементтері мен ережелері сақталған екі тілде аралас сөйлеу пайда болады; 2) Танымдық лингвистика (лат. cognescere ”танып білу, білу”) ”тіл - ойлау” қатынастарын, яғни адамның танымдық қызметінің нәтижесі мен үрдістері тіл мен сөйлеуде қалай көрінеді, ойлау категориялары тілдің идиоэтникалық категорияларымен қалай сәйкес келеді деген сұрақтарға жауап іздейді: ұғымның түрлері, концептер (сұлба (схема), сурет, фрейм және сценарий түрінде) және жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы; пікір, пайымдау және ұсыныстар. Танымдық лингвистика туралы айтқанда негізгі екі түрлі үрдіс есте болуы керек. Олар: біріншіден, белгілі этностың ”әлемнің тілдік бейнесі” мен оның ерекшеліктері, екіншіден, қарым-қатынас кезіндегі менталдық үрдістер;
2- практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл білімінің бөлімдері
1. Ішкі лингвистика2. Сыртқы лингвистика
№2 ОЖСӨЖ мазмұны:Тіл білімінің бөлімдері бойынша зерттеуші ғалымдар еңбектері
Есеп беру түрі: жоба қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет