Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


СӨЖ тапсырмалары: Кез-келген зерттеу жұмысына талдау жасау



бет8/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

СӨЖ тапсырмалары: Кез-келген зерттеу жұмысына талдау жасау
Есеп беру түрі: талдау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бейсембаева З. Тіл мәдениетінің негіздері. А., 1991.
2. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2005
Төртінші апта
4 дәрістің тақырыбы:Ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері.
Диахрониядағы реконструкция әдісі
Жоспар
1. Сыртқы реконструкция әдісі2. Ішкі реконструкция әдіс
3. Салыстырмалы-тарихи зерттеулердің жетістіктері мен кемшіліктері

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Реконструкция (лат. re – жаңарту, жаңғырту, constructiо – құру) – салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі тәсілдер жиынтығы. Реконструкция тілдік құбылыстар мен формаларды қайта жаңғырту арқылы тіл дамуының бұрынғы кезеңдеріне тән әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастардықарастырады. Тарихи тіл білімі саласында таным мақсатына қарай реконструкция әдісі сыртқы реконструкция әдісі (диахрониялық, интерлингвистикалық бағыт) және ішкі реконструкция әдісі (диахрониялық, интралингвистикалық бағыт) болып екіге бөлінеді.Сыртқы реконструкция тіл дамуындағы жүйелі қатынасқа сүйене отырып туыс тілдердің материалын салыстыру арқылы салыстыратын тілдің тарихи даму заңдылықтарын ашады, соның нәтижесінде бастапқы тілдік архетипті қайтажаңғыртады.Сыртқы реконструкция әдісінің мақсаты сыртқы ұқсастыққа негізделген туыс тілдердегі лексикалық бірліктерді қарастыру.
Сыртқы реконструкция әдісінің міндеттері төмендегідей:1) Барлық туыс тілдердің және осы семьядағы диалектілердің түп негізін (ата тілін) осы тілдердегі фонологиялық, лексикалық және морфологиялық құбылыстарды жүйелі түрде салыстыра отырып анықтау;
2) Дивергенттік даму заңдарын және ата тілде жазбаша түрде бар тілдердің шығу заңдарын зерттеу; 3)Әлем тілдерінің генетикалық классификациясын жасау.
Ішкі реконструкция әдісі салыстырмалы-тарихи әдістің екінші түрі. Зерттеудің негізгі түрі – салыстыру, бірақ туыстас тілдердегі сәйкес құбылыстарды емес (интралингвистикалық), бір тілдің әр түрлі тарихи даму кезеңдеріндегі бір құбылысын салыстыру (интерлингвистикалық әдіс). Осыған байланысты ішкі реконструкция әдісі төмендегі мақсаттарды шешеді:1) Нақты тілдердің жазбаша дереккөзі ретінде тарихи даму заңдылықтарын айқындау;2) Жазу пайда болғанға дейінгі тілдің ерекшелігін көрсететін ежелден қалған ескерткіштер мен анамалияларды немесе тілдік қатынас нәтижесінде пайда болған жаңа формаларды (кірме сөздер) анықтау;
3) Белгілі бір тарихи өзгерістер нәтижесі ретіндегі тілдік жүйенің қазіргі жағдайын түсіндіру және ол өзгерістердің мерзімі мен себептерін анықтау.Ішкі реконструкция бір тілдің ішіндегі тіл бірліктерін салыстыруды көздейді, бір тілдің әр түрлі шағын жүйелеріндегі варианттарын анықтап, оларды көне құбылыстармен байланыстырады. Бұл әдіс тегі бір тілдерді жүйелі түрде зерттеу арқылы көне тілдік тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс тек көне жазба тілдерді (санскрит, латын, көне грек және т.б.) зерттеу үшін тиімді болып табылады. 
Салыстырмалы тарихи тіл білімі тіл туралы ғылымның негізін қалады. Тілдік құбылыстарға байланысты болжамдар мен жорамалдардың орнына тірі және өлі тілдерді танып білу үшін теориялар пайда болды. Тілдің субстанциялы және функционалды қасиеттері анықталып, диахрониялық лингвистика мәселелері жаңа шешімдер тапты. Соған қарамастан салыстырмалы тарихи зерттеулердің кейбір келелі кемшіліктері де бар:
1) Тілдік тарихи үрдістерді зерттеу атомарлық (жүйелі түрде емес) сипатта болады. Ол тілдің кейбір бірліктері мен ережелерін қарастыруға мүмкіндік береді, бірақ та жазу тіліне дейінгі кезеңдер туралы мәлімет алуды қиындатады;2) Тілдегі өзгерістердің заңы мен қайта құрастыру әдістері тек қана фонология мен морфологияда ғана мүмкін. Ал лексика, фразеология және синтаксисте ішінара ғанамүмкін;3) ХІХ ғ. соңында шетел тілдері мен диалектілерді зерттеуге қызығушылықтың артуына қарамастан тарихи көзқарасты әсірелеу, оны тілді танып білудің жалғыз жолы ретінде қарастыру, синхронияға деген қызығушылықтың жоқтығы, осының бәрі тілді танып білуді тежей бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет