Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама –



бет7/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама объективті әлемнің белгілі бір саласын зерттеудегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы (жалпы ұстанымдардан бастап, нақты фактілермен жұмыс істеу тәсілдеріне шейін). Яғни, зерттеудің нақты бір саласындағы, біздің жағдайда, тіл біліміндег іәдіс-тәсілдердің жиынтығы. Жеке әдіснама – үш бөлімді тізбектен тұрады: ұстаным → әдіс → тәсіл. Олар лингвистикалық зерттеулердің ұстанымдары, лингвистиканың әдістері және тілді зерттеудің тәсілдері. Енді осы тізбектерді жеке-жеке қарастырайық. 
Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары – бұл лингвистикалық теориялардың жетістіктерін ескере отырып тілді объективті әлемнің құбылысы ретінде танып білудің амалдары мен тәсілдері.Оның негізгілері мыналар: 1)Синхрониялық-диахрониялық ұстанымдар.Олар тілді қазіргі даму кезеңінде немесе тілдің тарихи дамуындағы өзгерістерді зерттеумен байланысты;2)Интралингвистикалық-интерлингвистикалық ұстанымдар (гр.intra –ішкі, inter – аралық) жеке алынған бір тілді іштей, басқа тілдермен салыстырмай зерттеумен байланысты, немесе жалпы адам тілі заңдылықтарын зерттеумен байланысты;
3) Микролингвистикалық-макролингвистикалық ұстанымдар. Микролингвистиканың зерттеу негізіне сөйлем, одан шығатын оның бірліктері, оның тіркесім ережелері жатады. Ал макролингвистика – сөзжасамның барлық факторларының өзара әсерін тілдік қарым-қатынаспен байланыста қарастырады; 4) Семасиологиялық – ономасиологиялық (гр. semasia – таңбалау, onoma – ат) ұстанымдар. Семасиология – формадан ұғымға апарады. Мысалы: қоян, келесі мағынаға ие: ұзын құлағы бар жануар; қорқақ (қоян сияқты). Ал ономасиологиялық тәсілде суреттеу ұғымнан формаға бағытталады. Мысалы: ұзын құлақты, кеміргіштер класына жататын үлпілдек жүні бар кішкене аң; 
5) Логикалық-эксперименталды әдіс. Логикалық әдісте сөз құбылыстарын бақылау, оларға логика заңдылықтары бойынша (анализ – синтез – салыстыру) талдау жасау. Ал екінші жағдайда тілді, онымен байланысты құбылыстарды әртүрлі арнаулы таным құралдарын (тесттер, анкеталар) қолдана отырып зерттеу. Зерттеу барысында таңдап алынған ұстаным зерттеу әдісіне негіз болады.Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар зерттеушінің тілдік құбылыстарды зерттеудегі әрекеттерін үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен тұрады. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу объектісі мен зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар. Тілді зерттеуде жоғарыда айтылған тілдің барлық қасиеттерінің (субстанционалды, функционалды, прагматикалық) ерекшеліктерін есепке алға нжөн.Әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы бар. Мысалы, тіл білімінде салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттамалы әдіс, салғастырмалы әдіс, статистикалық әдіс, құрылымдық әдіс т.с.с. әдістер бар. 
Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. 
Сипаттамалы әдіс – тіл білімі әдістерінің ішіндегі ең кең тараған әдістердің бірі. Бұл әдіс зерттеліп отырған нысанның өткендегі тарихын ескермей, оның белгілі бір дәуірдегі қалпын немесе синхрондық күйін ғана сипаттайды. Осы әдіс бойынша жазылған еңбектер аталмыш әдістің атымен аталады. Мысалы, сипаттамалы фонетика, сипаттамалы грамматика т.с.с.Сипаттамалы әдістің кемшілігі – бұл әдісте тіл тарихы мен басқа тілдердің тілдік материалдары зерттеуден тыс қалады. Лингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі – салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс қарастыру мүмкін емес. Жоғарыда айтылғандай тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру барысында кейбір дәл нәтижелерге келуге болады.Біріншіден, салыстырғанда бір тектес заттарды салыстыруға болады. Ал тілдерде әр деңгейдегі бірліктерді, олардың әр тілдердегі қызметін, лексикалық, грамматикалық категорияларды, сөйлем модельдері және олардың сөйлемде қолдану тәсілдерін салыстыруға болады.Екіншіден, әр тілдегі құбылыстардың ең маңызды және қажетті белгілерін, одан кейін барып қана қосалқы белгілерін зерттеу қажет. Салыстыру әдісінің негізгі мақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің әмбебапқасеиттерінайқындау.Салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты – туыс тілдердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету. Тілдерді салыстыру арқылы олардың бір-біріне қаншалықты жақындығын, даму заңдылықтарын, өзгеруін, ататілге жақындығын т.с.с. айқындауға болады. Бұл әдіс тілдердің генетикалық туыстығына негізделеді.Мысалы, қазақ тіліндегі ауыз сөзі қырғызша – ооз, татарша – авыз, өзбекше – оғиз, т.с.с. Бұл сөздер мағына жағынан бірдей, ал дыбысталу жағынан айырмашылықтары бар. Соған қарамастан бұл сөздер ұқсас. Ұқсастықтар мен айырмашылықтар дыбыстардың алмасуларынан көрінеді. Мысалы, сөз басында а-о дыбысына өзгеруі, сөз ортасында у-в өзгеруі т.с.с. Бұл сияқты дыбыс алмасулар түркі тілдерінің даму заңдарына сай келеді.
Тарихи-салыстырмалы әдіс – бір тілдің тарихи қалыптасқан варианттарын салыстырады, яғни бір тілдің кейінгі кездегі тілдік фактілерін сол тілдің өткен кезеңдегі тілдік фактілерімен салыстырып, олардың даму заңдылықтары, өзгерістері анықталады, олардың қазіргі тілдегі фактілерден айырмашылықтары көрсетіледі. Бұл әдіс тілдің өзгеру және даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, оған әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды айқындайды.Осы әдісті қолдана отырып тіл тарихын, тілдің деңгейлерін (фонетика, грамматика, лексика) жеке-жеке зерттеуге болады. Осыған орай тіл білімінде тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи синтаксис т.с.с. бөлімдер бар.
3-практикалық сабақтың тақырыбы:«Ғылыми зерттеу» түсінігі
1.Ғылыми зерттеудің нысаны мен заты 
2. Ғылыми зерттеудің жіктелуі 
3. Ғылыми зерттеу жұмыстарын енгізудің механизмдері. 
3 ОЖСӨЖ мазмұны: Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы саласында жиі кездесетін 10 термин сөзге түсініктеме беру.
Есеп беру түрі: конспект жазу, баяндау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет