Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Анафора (грек. anaphora ana – кейін, қайтадан + phoros –



бет10/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

Анафора (грек. anaphora ana – кейін, қайтадан + phoros алып жүруші, нем. anapher – бірыңғай басталуы) – 1. Қайталау арқылы жасалатын стилистикалық сөйлеу айшығы. Мәтіндегі әр жол немесе әр тармақ бірыңғай тілдік бірліктерден басталып отырады (дыбыс, сөз, морфема, сөйлем т.б.). 2. Бұрын және алдында айтылған ойға сілтеме жасайтын түрлі амал-тәсілдер (есімдік, қайталау, перифраз т.б.)
Іргелес байласым – мәтін құрамында өзара іргелес орналасқан сөйлемдер арасында орнайтын байланыс түрі.
Эксплицитті байласым – мәтін бірліктері арасындағы байланыстың айқын формалды тілдік бірліктер арқылы жүзеге асырылуы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Стилистикалық бояу.
Стилистикалық бояу мәселесі Еуропа, Ресей, түркі лингвистикасында бұрыннан күн тәртібінен түспеген мәселе. Стилистикалық бояу көркем әдебиет стилінің басты ұғымы, сондықтан бұл мәселе сыншылардың еңбектерінде де кеңінен сөз болады. Бұған мәнмәтіннің де тікелей қатысы болады. Стилистикалық бояудың мәнмәтіндегі жағдайы үнемі ескерусіз қалып келеді. Тек соңғы кезде Г.М.Әзімжанованың еңбектерінде бұл мәселе сөз болуда. Д.А. Әлкебаева былай дейді: «Безендіруші стилистика сөз образына арналады. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағынасынан ауыспалы мағынаға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилистикалық әсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады (85-б.). Эпитеттің стилистикалық мәнері.
Эпитет туралы нақты қабылданған тұрақты анықтама жоқ. Поэзиядағы эпитеттегі тілшілер авторлы, когнитивті, бинармды метафораларды атап жүр. Эпитеттің стильдік қызметі Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, З.Ахметов, Б.Хасанов, Р.Сыздық т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген. Д.А.Әлкебаева былай дейді: «Филология ғылымында эпитетті әдебиетші, тілші ғалымдар түрлі бағыттарда зерттеуде. Әдебиетшілер эпитетті антикалық, классикалық, романтикалық, реалистік деп бөледі, ал тілшілер дәстүрлі, тұрақты, метафоралық деп қарастырады» [90-б.].
Метафораның стильдік қызметі.
Метафоралық бірліктерді лексемдік деңгейде зерделеу олардың әртүрлі аспектілерінің зерттеу бағытын айқындауға көмектеседі. Метафора және окказионалды сөзжасам мәселелерін қарастыруда орыс тіл білімінде Н.И.Фельдман (1957), Е.А.Земская (1972), И.С.Улуханов (1984), Э.И.Ханпира (1972) зерттеу еңбектерін арнаған.
Б. Сағындықұлы: «метафора адамның ойлауымен, әсіресе, көркем ойлауымен тікелей байланысты. Сондықтан олар барлық стильде, барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді. Көбіне поэзияда жиі ұшырасады. Ақындар мен жазушылардың, танымал қаламгерлердің шығармаларында кездесетін әсерлі сөз өрнектерін поэтикалық метафора деп атайды. Демек, тілдік метафораны жасауға бүкіл халық қатысса, поэтикалық метафораны көркем әдебиет қайраткерлері, қоғамдық ақпарат қызметкерлері қалыптастырады», – деп жазады [Сағындықұлы, 33 б.]. Қазақ тіл білімінде метафораны алғаш жүйелі зерттеген Б. Хасановтың метафораға берген анықтамасындағы «қимыл ортақтығы» ұғымы денотаттық жағдай мәніне жуық келеді. «Метафора – заттар мен құбылыстардың бүтіндей, не бір ғана белгі; форма, қасиет пен қимыл ортақтығына орай, түр, түс, иіс, дыбыс ұқсастығына, құрамына, өз арақатысына қарай ауыстыру. Ал метафораны қолдану – көру, есту, сезу әсерлерінің кірігуі» [2, 18 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет