Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет21/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер

Теңдік қатынастағы сөйлемдерге баяндауыш тұлғасының, байланысьырушы тұлғалардың қатысы жоқ. Бұл жердегі теңдік қатынас – мағыналық теңдік турасында болмақ. Құрмаластың бұл түрінде компоненттер бір-бірімен атрибутивтік, объектілік, адвербиалдық қатынасқа түспейді, керісінше, әр компонент мағыналық дербестігін сақтап, әр компонентте дербес ой айтылады. Көбінесе айтылған ой бір-бірімен қанаттас, мезгілдес, кезектес, қатар орындалып жатады.

11 практикалық сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы фукционалдық қатынастар


Тапсырмалар:
1.Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер;
2.Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.
3.Адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдер;
4.Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер;
5. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 133 б. 24-жаттығу.


31-СОӨЖ тақырыбы:Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдерге 10 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
32-СОӨЖ тақырыбы:Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдерге 10 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
33-СОӨЖ тақырыбы:Адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдерге 10 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау


СӨЖ тапсырмалары:Құрмаластың функционалды-грамматикалық топтарының арасындағы сабақтастық пен өзгешелік.
Есеп беру түрі: Конспект


Он екінші апта
23 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшеліктері
1.Құрмалас сөйлемдердегі тема-ремалық қатынастар
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Құрмалас сөйлемдердегі тема-ремалық қатынастар

Сөйлеудің коммуникативті құрылымын бейнелейтік актуалды мүшелену мәселесі сөйлем табиғатын ашуда үлкен роль атқарады. Қалыпты жағдайда шығу нүктесі сөйлемнің бас жағында, ал ядросы соңында орналасады. Белгіліден белгісізге көшу айтылған пікірді тыңдаушыға түсінікті етеді. Сөздердің бұл тәртібі объективті, мұнда айтушы белгіліден белгісізге көшкендігін өзі де сезбейді, бірақ кері орын тәртібі де болады: бірінші ойдың ядросы, оның артынан шығу нүктесі тұруы да мүмкін. Бұл тәртіп субъективті, айтушы бар назарын сөйлеудің ядросына аударады да, оны бірінші орынға қояды. Бірнеше сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдерде ой тәртібі болатыны белгілі. Кезінде Прага лингвистикалық мектебі негізін қалаған бұл проблема – қазақ тілі білімі үшін де маңызды мәселе.


24 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшеліктері


1.Құрмалас сөйлем компоненттернің кірігуі, инверсия және ортақтасу құбылыстары
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
.Құрмалас сөйлем компоненттернің кірігуі, инверсия және ортақтасу құбылыстары

Жай сөйлем құрамындағы сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компонентінің орналасуында да белгілі қалыптасқан тұрақты заңдылық бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылуымен қатар, оның ұғымы ауырлап, сөйлемдік қасиеті кемиді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібін өзгерту нәтижесінде олардың арасындағы мағыналық қатынастың бұзылып, құрмаластық сипаттан айырылатыны жөніндегі пікір бұрыннан қалыптасқан. Бұл пікірді салалас, сабақтас құрмаластар компоненттерінің орын тәртібін өзгерту нәтижесінде олардың арасындағы мағыналық қатынастың бұзылып, құрмаластық сипаттан айыралатыны жөніндегі пікір бұрыннан қалыптасқан. Бұл пікірді салалас, сабақтас құрмаластар компоненттерінің орын тәртібі жөнінде саралай айтқан Б. Сағындықұлының тұжырымы жеке сыңарлары тиянақты тұлғада келіп, алдыңғысы соңғысына бағынушы сыңар ретінде телінсе, сабақтас сөйлемнің алдыңғы компоненті тиянақсыз тұлғада бағыныңқылық сипатта атқарады да, соңғы сыңары тиянақты тұлғада келіп, басыңқылық мәнге ие болады. Сыңарларының орын тәртібін ауыстыру жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысын жою ғана емес, кей кездерде мұндай сөйлем болудан да қалады (11, 68 б.). Автордың осы еңбегінде «сыңарлардың орнын бұзбау» дегенді мағынаға нұқсан келтірмеу деп түсінген жөн деген пікірі де орынды. Олай болатын себебі, құрмалас сөйлемдер деп аталатын күрделі бірліктің құрылымдық, мағыналық сипаты әр алуан. Оның бірінде компоненттердің орнын ауыстырғаннан байланыс мүлде жойылып кетсе, енді бірінде оған нұқсан келмейді.


Қазақ тілінің синтаксистік құрылымында құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуы төмендегідей заңдылықтарға негізделеді:
а) тиянақсыз компонент бұрын, тиянақты компоненттері кейін айтылып, ойды тиянақтап, аяқтап тұрады;
ә) поэзиялық шығармаларда тиянақты, тиянақсыз компоненттердің орын тәртібі өзгеріп, алмасып келуі де тіліміздегі қалыптасқан заңдылық болып табылады.

12 практикалық сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшеліктері


Тапсырмалар:
1.Құрмалас сөйлемдердегі тема-ремалық қатынастар
1.Құрмалас сөйлем компоненттернің кірігуі, инверсия және ортақтасу құбылыстары
3. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 133 б. 25, 26-жаттығу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет