Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет23/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

37-СОӨЖ тақырыбы:А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектеріндегі құрмалас сөйлем мәселесі
Тапсырмалар: А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектеріндегі құрмалас сөйлем мәселесі тақырыбына материал жинақтау
Есеп беру түрі: конспект
38-СОӨЖ тақырыбы:С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемге қатысты еңбектері
Тапсырмалар: С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемге қатысты еңбектеріне талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: конспект
39-СОӨЖ тақырыбы:Т.Қордабаевтың құрмалас сөйлемге қатысты еңбектері
Тапсырмалар: Т.Қордабаевтың құрмалас сөйлемге қатысты еңбектеріне талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: конспект


СӨЖ тапсырмалары:Қазіргі зерттеушілер еңбектері туралы баяндаңыз.
Есеп беру түрі: Конспект


Он төртінші апта
27-дәрістің тақырыбы: Суперсинтакистік парадигмалар
1.Күрделі синтаксистік тұтастық
2.Мәтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік байланысы
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
4.1 Күрделі синтаксистік парадигмалар

Суперсинтаксистік парадигмалар деген ұғым қалыптан, әдеткіден тыс, жоғары синтаксистік көрсеткіштер деген мағынада қолданылады. Осы тұрғыдан келгенде, бұл тұста дәстүрлі сөйлем санатынан жоғарғы синтаксистік бірліктер нысанға алыналды, яғни қазір «күрделі синтаксистік тұтастық» деп атап жүрген бірлік, мәтін қарастырылады.


Күрделі синтаксистік тұтастық – төменгі бірліктердің, яғни, грамматикалық дербес сөйлемдердің бірлігі жәнежоғары бірлік, мәтінді, құрайтын сыңар ретінде қарастырылады.
Қазіргі тіл білімінде сөйлемнен үлкен, мәтіннен кіші синтаксистік бірлікті белгілейтін аталымдар көп, санамалап шықсақ (қазақ тіл білімінде мұны атауда орыс терминдерін калькалап аудару ғана бар болғандықтан, кейбірін орыс тілінде береміз): мәтін, микромәтін, прозаическая строфа, дискурс, сверхфразовое единство, сложное синтаксическое единство т.б. Советтен кейінгі кеңістіктегі тіл білімінде күрделі синтаксистік тұтастық (сложное синтаксическое, целое) термині қалыптасқан. Күрделі синтаксистік тұтастық терминіндегі бір сәйкессіздік сонда, кәдімгі жай сөйлемнің өзі күрделі бола алады және тұтастық сипатқа ие болады. Сондықтан бұл еңбекте біз «шумақ» терминін қолданамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет