Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет11/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

13-СОӨЖ тақырыбы:Салыстырма мәнді құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Ассоциативті синонимдер мен антонимдер арқылы жасалған салыстырма мәнді құмаластардың салыстыру заты (А), салыстыру образы (В), салыстыру көрсеткішін (m) табыңыздар.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау.
14-СОӨЖ тақырыбы:Талғаулы және кезектес салалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттерден талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау.
15-СОӨЖ тақырыбы:Түсіндірмелі салалас сөйлем
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттерден түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау.


СӨЖ тапсырмалары:Контекстен тыс алғанда шарттық, мезгілдік, себептік т.т. мән білідіретін бірнеше салалас құрмалас сөйлемді тауып, оған контекст аясында қайта талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: практикалық тапсырма


Алтыншы апта
11 дәрістің тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдер
1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты
Сабақтас сөйлем деп компонеттері өзара тең болмай,бір-біріне бағына,бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз.Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып,өз бетінше сөйлем бола алмайды,ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы,тәуелді болып тұрса,екіншісі тәуелсіз,өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да,өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады.Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де сөйлем деп аталғанымен,онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ.Себебі оның сөйлемдік мәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі.Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізгі ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де,басыңқы компоненті көбінесе сол басыңқыдағы пікірді түрлі жағынан айқындап,дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде қолданылады.

12 дәрістің тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу амалдары


Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші тиянақсыз сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Ол көбіне етістік баяндауыштары, яғни есімше, көсемше, шартты рай, оларға түрлі шылаулардың түйдектелуі арқылы және есімдерге түйдектелген көмекші етістік, модаль сөздердің қатысы арқылы жасалып, олар басыңқыға бағынышты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет