28, 29-СОӨЖ тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен аралас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
30-СОӨЖ тақырыбы: Төл сөзді аралас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен төл сөзді аралас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
СӨЖ тапсырмалары: Аралас құрмаластың тыныс белгілері
Есеп беру түрі: Конспект
Он бірінші апта №21 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы фукционалдық қатынастар 1.Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер;
2.Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функционалдық қатынастарды саралау нәтижесінде қазіргі қазақ тілінде оны төмендегіше топтастырады: айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер, объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер, адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдер, теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.
Айқындауыштық қатынаста қос компоненттің бірі екіншісінің мәнін ашып, түсіндіріп тұрады немесе бірінде жалпылау мәніндегі хабар баяндалады да, екіншісі оның мәнін саралайды, айқындайтын оқиғаны, құбылысты хабарлайды. Мұндай құрылымдағы сөйлемдерді өз ішінде субъект –предикаттық қатынастағы және атрибутивтік қатынастағы құрмаластар деп жіктеуге болады. Субъект – предикаттық – сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның және тема – ремалық мүшеленудің ұйытқысы. Құрмалас сөйлемдер компоненттері арасында мұндай қатынастың көрініс табуына қазақ тілі білімі үшін тосын жаңалық деп тануға болмайды. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастауыш бағыныңқылы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев баяндауыш бағыныңқылы деп таныған құрмалас сөйлемдер бүгінгі тіліміз үшін де жат құбылыс емес. Аталған құрылымның түркі тілдері грамматикаларына бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы деген атаумен енгендігі белгілі. Аталған қатынастағы сөйлемдер өзіндік құрылымдарға ие.