Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет39/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

9. Бақылау түрі – аралас емтихан (жазбаша тест+ауызша билет сұрақтары)


10. Бағалау өлшемдері
Аралас емтихан (тест+билет). Әр студентке 23 тест сұрағы беріледі. Оның ішінде 1 жауабы бар сұрақ саны – 6 ; 2 жауабы бар сұрақ – 7; 3 жауабы бар сұрақ саны – 5; ашық сұрақ – 5.
Бір дұрыс жауаптан 6 сұраққа – 1 балдан барлығы 6 балл беріледі, екі дұрыс жауабы бар сұрақтарға әрбір дұрыс жауабы үшін 1 баллдан барлығы 14 балл, ал үш дұрыс жауабы бар сұрақтарға әрбір дұрыс жауабы үшін 1 балдан барлығы 15 балл және ашық сұрақтарға дұрыс жауабы үшін 1 балдан барлығы 5 балл беріледі. Тест бойынша студенттің жинайтын ең жоғары балы - 40 балл. Қалған 60 балл билет бойынша тапсырмаларға беріледі.
Бұл бөлімде студенттер билеттік жүйемен тапсырады. Әр билетте 3 сұрақтан келеді.
1-сұрақ: Құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері, салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша;
2-сұрақ: Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы функционалдық қатынастар, көп компонентті құрмаластар, құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай құрылу ерекшеліктері, зерттелуі бойынша;
3-сұрақ: Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Студенттер бұл тұста жинақтаған теориялық және практикалық дағдыларын толығынан көрсетеді. Ауызша жауаптары мен жазбаша талдау жұмысы арқылы студенттің теориялық білімінің көрсеткішін «таза» бағалауға болады.
Ауызша емтихан жұмысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 60 балл. Бұл төмендегіше бөлінеді:
1-сұрақ: Құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері, салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша - 20 балл;
2-сұрақ: Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы функционалдық қатынастар, көп компонентті құрмаластар, құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай құрылу ерекшеліктері, зерттелуі бойынша – 20 балл;
3-сұрақ: Сөйлемге синтаксистік талдау жасау – 20 балл.
Емтихан қорытындысында студенттің екі бөлім бойынша жинақталған балдық көрсеткішінің қосындысы шығарылып, ол 40%-ға көбейтіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет