14. Төл сөзді аралас құрмаластардың ерекшеліктері қандай?
15. Бірыңғай жарыспалы сабақтасты көрсетіңіз:
А. Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, Абылғазының айтқаны орындалғанда, барлық жылқышы аттан түсті;
В. Шашының ағы көбейіп, бет-аузындағы әжімдері де тереңдеп, бір түннің ішіде ол босап кетіпті;
С. Шарды түбінде елбасылары салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмағандықтан, екі тәлмаштың бірі санады;
Д. Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік;
Е. Келген үшеудің бірі Жабай еді, болған іске өкініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты.
16. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз:
А. Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады;
В. Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің біліуімше, бір белгілі парқы болады;
С. Ашу кернеген оның бет-аузы қыбырлап, денесі қалшылдап кеткендіктен, отырғандар одан әрі сөз таластырмады;
Д. Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
Е. Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, Кішкене молдаға, балаларына қызықты хикая айтып беріп отырады.
17. Қ. Есенов құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуін қандай кезеңдерге бөліп қарайды?
18. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем:
А. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер;
В. Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған;
С. Әбіш келгелі ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды;
Д. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар;
Е. Ексең егін, ішерсің тегін.
19. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А. Бес жасар көргені де, қорқатыны да есіне түскен;
В. Алайда арлансаң да, қорлансаң да, жаныңа қанша батса да, ақ сүтін берген анаңнан безіп кете алайсың;
С. Осылай өрлей бер, ортадағы судан екі жарылған тау екі жаққа созылып, алдынан жазық бір бел шыға келеді;
Д. Байлық – бір жұттық, батыр- бір оқтық;
Е. «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін»,- деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін жоғары және соншалық әділ бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |