Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



бет9/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   187
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын іске асырылады.
Мақсаты: балаларды оңтайлы әлеуметтендіру, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;
аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;
өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
әр түрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;
табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;
табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау және т.б.).
құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.
Қоршаған ортамен таныстыру.
Бала, оның отбасы, үйі
«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.
Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.
Заттық әлем
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу және т. б.), белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою және т. б.) орындауға баулу.
Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.
Еңбекке баулу
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады және т.б.) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.
Адамгершілікке баулу
Ересек адамның сөйлеу интонациясын түсінуге, ажыратуға баулу (жақсы – жаман). Жақындарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Табиғат әлемі
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп және т.б.) мен жемістерді (алма, алмұрт және т.б.) ажырату.
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота және т.б.), аңдармен (аю, қасқыр, қоян және т.б.) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел және т.б.
Аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер, қарғалар және т.б.), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек және т.б.), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.
Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар және т.б.) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау және т.б.) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.
«Болады», «болмайды», «қауіпті» ұғымдарымен таныстыру. Сумен, құммен және т.б. ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.) таныстыру. Өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.
Күтілетін нәтижелер:
есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды;
ата-анасын және өзіне қарап отырған басқа ересектерді таниды, олардың аттарын атайды;
өздері тұратын үйін және пәтерін таниды;
заттарды және олармен әрекет етуді біледі, оларды суреттен таниды;
құрдастарымен бірге ойнай алады;
еңбек әрекеттерін бақылайды;
«жақсы» және «жаман» әрекеттерді түсінеді;
жақындарына жанашырлық, қамқорлық танытады;
дәмі, сыртқы белгілері бойынша көгөністер мен жемістерді ажыратады және атайды;
жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
үй құстарын таниды және атайды;
табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды;
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктері бар;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық танытады: оларды жақсы көреді, сипайды;
сумен, құммен және т.б. ойындарда қауіпсіздік ережелерін (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.) түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет