Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Мүмкіндіктері шектеулі (психикалық дамуы тежелген) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың



бет139/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

Мүмкіндіктері шектеулі (психикалық дамуы тежелген) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың
Үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Түсініктемелік жазба

1. Психикалық дамуы тежелген балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5 және 14-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).


2. Бағдарламаның мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардың жеке типологиялық ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, олардың эмоционалдық, зияткерлік және әлеуметтік дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау және жеке тұлғалық жағымды қасиеттерін, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу, және де психикалық дамуы тежелген балаларды мектепте оқуға дайындау үшін олардың әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру.
3. Бағдарламаның міндеттері:
1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-дамыту ортаны қалыптастыру;
2) балаларда айналасындағы адамдарымен және заттармен өзара-қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру тәсілдерін қалыптастыру;
3) танымдық-зерттеу әрекетін, танымдық белсенділігін дамыту;
4) коммуникативтік белсенділігін дамыту, коммуникация құралдарын, үлкендермен және құрдастарымен конструктивті өзара әрекеттесу және ынтымақтастық әдістерін, әлеуметтік мақұлданған мінез-құлығын қалыптастыру;
5) сөйлеу тілінің барлық компоненттерін дамыту;
6) оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастыру, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектептегі оқуға дайындау, эмоционалдық-тұлғалық, ерікті және мінез-құлық саласындағы кемшіліктердің алдын алу және жою;
4. Бағдарламаның мазмұны келесілерге бағытталған:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу;
2) барлық білім беру салалары шеңберінде түзету-дамыту бағыттылығын қамтамасыз ету: эмоционалдық-еріктік, тұлғалық, әлеуметтік-коммуникативтік, танымдық және қимыл-қозғалыс салаларындағы даму кемшіліктерін дамыту және мақсатты-бағытты түзету;
3) түзету-дамыту процесі үздіксіздігінің шарты ретінде мектепке дейінгі және мектептегі білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
4) айналадағы дүние туралы түсініктерді қалыптастыру, кеңейту, байыту және жүйелеу, меңгерілген ұғымдарды, біліктер мен дағдыларды практикалық және ойын әрекеттеріне қосу;
5) танымдық және сөйлеу әрекетін тұрақты ынталандыруды қамтамасыз ету, өзіне, қоршаған заттық әлемге және әлеуметтік ортаға қызығушылық тудыру;
6) пәндік-тәжірибелік, ойындық, өнімдік, эксперименттік іс-әрекеттерді және оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын, олардың уәждемелік, реттеуші, операциялық компоненттерін қалыптастыруға бағыттай отырып, мақсатты дамыту;
7) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу іс-әрекетіне дайындау;
8) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.
5. Әрбір сала бойынша күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттарының жүйесімен берілген.
6. Бағдарламаның мазмұны, балалардың дене және психикалық дамуының жас кезеңдерiн ескере отырып, келесідей жас топтарында жүзеге асырылады:
1) кіші топ – 2 жастан бастап;
2) орта топ – 3 жастан бастап;
3) жоғары топ – 4 жастан бастап;
4) мектепалды дайындық тобы (сыныбы) – 5 жастан бастап.
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын оқушылардың меңгеру мерзімі - 4 жыл.
8. Бағдарлама психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарына ұсынылады.

2-тарау. Кіші жас тобы (2 жастан бастап)


1-параграф. «Денсаулық» білім беру саласы


9. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


10. Мақсаты – қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін қалыптастыру және жетілдіру, бала денесінің барлық бұлшықет топтарын нығайту, денсаулықты сақтайтын технологияларды пайдалана отырып, дене дамуына ықпал ету.
11. Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
берілген бағытта еркін режимде қозғалыс дағдыларын, жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру;
балаларды ересек адамның сигналы мен бұйрығына сәйкес қимылдарын үйлестіруге, іс-әрекеттің бағыты мен сипатын өзгертуге үйрету;
бағанға бір-бірден, саппен, шеңбер болып тұруды, сапқа тұру кезінде өз орнын табуды үйрету;
биіктіктен секіру, орнында және алға жылжу кезінде екі аяқпен итеріп, дұрыс жерге түсуді үйрету;
домалату, лақтыру кезінде заттарды жігерлі түрде тойтару білігін бекіту; бір уақытта екі қолыңызбен допты ұстауға үйрету;
өрмелеу кезінде кермені ұстауға үйрету;
еңбектеу қабілетін бекіту;
отыру, тұру, қозғалу, тепе-теңдікте жаттығуларды орындау кезінде дұрыс дене қалпын сақтауға үйрету;
балаларда кеңістіктегі қарапайым бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
балалардың қозғалмалы ойындар мен ойын жаттығуларына қатысуға ұмтылуын ынталандыру;
қозғалмалы ойындарда ережелерді орындауға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет