Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет155/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

3-параграф. II-жартыжылдық

84. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (5 сағат).
Ширату (5 сағат):
Тепе-теңдікті дамыту жаттығулары (25 сағат):
1) әр түрлі жүру тәсілдері түріндегі жаттығулар (қаз адым, құмырсқа адым, аяқ ұшымен және т.б.);
2) көлбеу орындықпен, белгілер бойымен жүру және швед қабырғасына өрмелеу.
Арқа бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар (20 сағат):
Әр түрлі ойындарды үйрету (25 сағат):
1) командалық ойындар:
кеглилер. Допты бастапқы қалыпқа дұрыс лақтыру. Кегльдерді 1,5 - 2 метр қашықтықтан соғу;
футбол. Допты берілген бағытта домалату. Допты аяқпен бір-біріне бере білу;
баскетбол. Допты себетке берілген бағытта лақтыру. Допты бір-біріне қолмен бере білу.
2) эстафеталық жарыстар.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әртүрлі қарқынмен таныс дене жаттығуларын орындау.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Төмен қарай жүру мүмкіндігі; бір-бірін мінгізу;
2) сырғанау. Мұзды жолдармен өз бетімен сырғанау;
3) велосипед, самокат тебу. Үш дөңгелекті велосипед және самокат тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау;
4) жүзуге дайындық. Суға түсу және суға батыру, судағы ойындар. Суда отырып аяқтың жоғары-төмен қозғалысын орындау. Судан шығу.
Дербес қимыл белсенділігі.
Балаларды доппен, шеңбермен, ойыншықтармен ойнауды ынталандыру, дене шынықтыру жабдықтарын, құралдарын, спорттық және қозғалмалы ойындарға арналған атрибуттарды қолдануға ынталандыру. Балаларды мұғаліммен бірге жаттығуларды орындауға тарту, қозғалмалы ойындарға арналған атрибуттарды қолдануға ынталандыру. Балаларды ойындарға қатысуға қызығушылықты ынталандыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су рәсімдерін жүргізу: дымқыл сүрту, аяқты, денені сулау. Жалаң аяқ жүру, жұтқыншақты шынықтыру, жүгіру.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат).
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұруды біледі;
ересек адамның бұйрықтарын біледі;
құралдарды қолданбай, заттарды пайдалана отырып, арқа бұлшықеттерін, іш бұлшықеттерін күшейту үшін қозғалыстарды орындайды;
бірінен соң бірі қозғалатын сапта ересек адамның бұрығымен табанның дамуына арналған қозғалыстарды орындайды;
заттардың көмегімен табанды дамытуға арналған қозғалыстарды біледі;
командалық ойындарды ойнауды біледі;
эстафеталық жарыстарға қатыса алады.

4-параграф. «Қатынас» білім беру саласы


85. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


86. Мақсаты – инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, қоғамда сөйлесу үшін ауызша сөйлеуді, диалогтық сөйлеуді қалыптастыру болып табылады.
87. Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
Қазақстан халқының мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және салт-дәстүрлерімен танысу арқылы балалардың әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуін дамыту;
балалар әдебиетіне қызығушылықты ояту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет