10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы 236. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
237. Мақсатыбейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын, музыканы эстетикалық тұрғыда қабылдауын дамыту болып табылады.
238. Міндеттері:
1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру;
2) өнер шығармаларын (көркем сурет өнері, графика, сәндік-қолданбалы өнер) қабылдау қабілетін қалыптастыру;
3) кеңістіктік ұғымдарын дамыту;
4) қарапайым заттардың, құбылыстардың ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып, бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
5) мүсіндеу, аппликация, сурет салу барысында түрлі тәсілдерді қолдануды бекіту;
6) өзінің жұмыс нәтижелерін дұрыс бағалай білуге үйрету;
7) тыңдаған музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдау және есте сақтауға үйрету;
8) музыка аспаптарында қарапайым орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
9) ынтымақтастық, ұжымда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
11-параграф. 1 - жартыжылдық 239. Сурет салу:
1) балаларды әртүрлі бейнелеу құралдарын және құрылғыларын пайдалану; түстердің әдемі үйлесуіне эмоционалды әсерін білдіру; әртүрлі пішінді заттарды қарындашпен, бояумен, бормен салу техникасын жетілдіру; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білуге үйрету;
2) заттық сурет салу:қағаз бетін ары қарай аппликацияны немесе суретті орындау үшін жалпақтығы әртүрлі қылқаламдармен, поролоннан жасалған тампонмен, губкамен айналдыра, тік, көлденең бағыттағы қиымылдармен бояу; дөңгелек, бұрышты пішінді заттардың суретін салу;тікбұрышты пішінді заттардың суретін салу; пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу;таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін олардың суретін салу; заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуын (тұру, жату) бере білуге үйрету;
3) сюжеттік сурет салу: бір заттың бейнесін қайталай ("үлескедегі шыршалар") және оларға басқаларын (күн, жауған қар) қоса отырып күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені парақтың төменгі жағындағы жолаққа, бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету;әдеби шығармалар тақырыбына сюжеттік композиция құрастыру - ұжымдық сурет салу; сюжеттегі әр түрлі заттардың көлемі (үйлер үлкен, ағаштар биік және аласа ) бойынша арақатынасына назар аударуға үйрету;
4) сәндік сурет салу:сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; өрнек элементтерін дөңгелекке, шаршыда симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру; өрнектің қайталанатын элементтерін (жағынды, нүкте, доға, жолақ) ырғақпен салу дағдыларын; өрнектерді шаршының төрт бұрышына дәйектілікпен құрастырумен таныстыру; ыдысқа сурет салу; қағаз сұлбасына, ойыншықтарға сурет салу;
5) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; бейнеленетін заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша) туралы білімдерін қалыптастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу, қарындаш ұстаған қол қимылының еркін болуына қол жеткізу; қарындашқа түсетін күшті реттей отырып, түс реңктерін бере білу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; басқа түсті бояуға батырмас бұрын, қылқаламды жуу; қылқаламмен әртүрлі тәсілде сурет салу: жалпақ сызықтар - қылқаламды жалпитып басу, жіңішке - қылқаламның ұшымен, қылқаламды қағазға барынша тигізіп жағынды түсіру, қылқаламның ұшымен ұсақ дақтарды салу; майлық қағазды пайдалану.
240. Күтілетін нәтижелер:
1) бояумен және қарындашпен заттың суретін затқа қарап салады;
2) үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады;
3) түстері мен пішіндері әртүрлі заттардың суреттерін салады;
4) қағаз бетінде бағдарлайды, суреттің элементтерін педагогтың сөздік нұсқауына сәйкес орналастырады;
5) затқа қарап салған суреттерде заттардың сыртқы басты белгілерін бере біледі;
6) қарапайым сюжеттік композицияларын құрастырады;
7) сәндік өрнектерді құрайды, элементтерді белгілі бір дәйектілікпен жолаққа, дөңгелекке орналастырады;
8) әрекет нәтижесіне қызығушылық байқатады, өзінің және басқа балалардың суреттерін қарайды.
241. Мүсіндеу:
1) балаларды өзінің жасаған бұйымдарымен (жануар, құс) ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау: заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу, пішінін анықтау, көлемі, кеңістікте орналасуын салыстыру; түсі бойынша салыстыру; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыру арқылы бағалау;
2) саздан, қамырдан жасалаған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;
3) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тікбұрыш) туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу, шымшу тәсілдерін қолдану дағдыларды дамыту; мүсінделген заттардың, пішіндердің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;
5) доғал, дөңгелек пішіндегі заттардың заттық мүсінделуі, тәсілдерді қолдану: заттарды (көкөністер, жемістер, саңырауқұлақ) жаю, созу, басу, жапсыру тәсілдерін пайдалана отырып, шынайы түрден мүсіндеу; еліктеу бойынша шардың, цилиндрдің ортасын басу арқылы қуыс жасап, домалақ пішінді заттарды (ыдыс) мүсіндеу; үлгі бойынша бір бөлікті басқасына қыса, саусақтардың көмегімен кейбір бөліктерді соза (құс) отырып бұйым бөліктерін біріктіру; құсты, жануардың денелерінің негізгі мүшелерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып мүсіндеу; заттардың ұсақ бөліктерін (мысықтың құлағы, құстың тұмсығы) шымшу тәсілін пайдалана отырып мүсіндеу;
6) сюжеттік мүсіндеу; заттардың шағын топтарын, пішіндерді қарапайым сюжеттерге (ұжымдық композиция) біріктіру;
7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру (жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу).
242. Күтілетін нәтижелер:
1) мүсіндеу алдында затты зерделеу дағдысы бар, пішінін, көлемін және түсін ерекшелейді;
2) мүсіндеу кезінде басу, жалпайту, созу, бөліктерін біріктіру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
3) жануарлардың пішіндерін мүсіндейді, таныс ертегілердің сюжеттері бойынша ойнайды;
4) заттардың негізгі бөліктерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
5) үлгі бойынша заттарды саздан, қамырдан және ермексаздан құрылымдық тәсілмен мүсіндейді;
6) көлемі әртүрлі 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді;
7) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;
8) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың бақылауымен қолын жуады;
9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
243. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеу;қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию, жолақтардан әртүрлі заттардың (дуал, ағаш, саты) бейнелерін құрастыру; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; құрастырылған бейнені үлгі бойынша бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласа жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара) туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша, үшбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) заттық аппликация: сөздік нұсқау бойынша заттарды түсі, пішіні, мөлшері бойынша кезектестіре отырып жапсыру (шыршаға арналған моншақтар, жалаушалар, үлкен, кіші шыршалар); қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (аққала, аю) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; жырту тәсілімен орындалатын заттық аппликация;
4) сәндік аппликация: жолақта дайын пішіндерден сәндік өрнектерді құрастыру және жапсыру; үлгі бойынша элементтердің қағаз бетіндегі кеңістіктік орналасуына (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы) бағдарлай отырып, сәнді өрнектерді (сүлгі, орамал, майлық) жапсыру;
5) сюжеттік аппликация:үлгі бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ертегілердің басты кейіпкерлерінің пішіндерін сюжетке сәйкес жапсыру; табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
244. Күтілетін нәтижелер:
1) алдын ала заттың өзін талдау немесе зерделеу негізінде таныс заттардың заттық аппликациясын орындайды;
2) заттарды пішіні мен түсі әртүрлі бөліктерден құрастырады;
3) дайын бөліктерден сюжетті аппликация құрастырады;
4) табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастырады;
5) өрнектерді жолаққа, дөңгелекке жапсырады;
6) үлгі бойынша сәндік аппликацияның өрнектерін құрастырады;
7) жыртық аппликация тәсілдерін меңгерген;
8) ұжымдық аппликацияны орындауға қатысады;
9) заттарды мөлшері (кіші, үлкен, орташа) бойынша ажыратады;
10) негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) біледі;
11) заттарды пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) бойынша ажыратады;
12) қылқаламды, қайшыны пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдаланады;
13) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады;
14) педагогтың көмегімен өзінің және басқаның өніміне баға береді.
245. Музыка:
1) музыканы тыңдау: музыканың эмоционалды мазмұнын, түрін анықтау; музыкалық жадыны дамыту;
2) ән салу: ересекпен бірге ән салу икемділіктерін қалыптастыру, өлеңнің сөздерін айту, байыптылықпен ән салу, ән салған кезде дұрыс тыныс алу, әнді уақытында бастау және аяқтау; ересектің дауысы мен аспаптың дыбысталуына құлақ салу; қарапайым дыбысқа еліктей білу; өлең мен маршты ажырату;
3) музыкалық-ырғақтық қимылдар: жүру (сергек, байыпты), аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылдармен жүгіру, маршпен жүру; қарапайым қимылдарды өлең мәтінімен үйлестіру; ересектің көмегімен заттармен (жалаушалар, жапырақтар, орамалдар, шарлар, ойыншықтар) әрекеттену; қазақ би элементтері бар қимылдар дағдыларын қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: шулы құралдардың дыбысталуына қарапайым ырғақтық қимылдарды ересектің көмегімен орындауға ынталандыру; дыбысты аспапты (бубен, сылдырмақ, қоңырау, металлофон, домбыра, фортепиано) тембрі бойынша анықтау;дыбыс динамикасын (ақырын-қатты) ажырату.
246. Күтілетін нәтижелер:
1) өлең мен маршты ажыратады;
2) аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылмен жүреді (сергек, байыпты), жүгіреді, маршпен жүреді;
3) музыканы сипатына қарай ажыратады;
4) еліктеу бойынша қарапайым әндердіорындайды;
5) ересектің көмегімен қарапайым би қимылдырын орындайды;
6) ересектің көмегімен заттармен әрекет жасайды;
7) өлең мәтініне сәйкес қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, еліктеу бойынша немесе педагогпен бірге орындайды;
8) музыкалық аспапты (қоңырау, дағыра, сыбызғы, металлофон) дыбыс тембрі бойынша таниды.