Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет153/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

15-параграф. II-жартыжылдық

79. Қоршаған әлеммен танысу.


Бала, оның отбасы, үйі:
1) туыстық қатынастар туралы білімді қалыптастыру: әке, ана, ұл, қыз;
2) күнделікті өмірде адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын бақылау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3) 8 Наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру;
4) өз атын, тегін, жасын атау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Заттық әлем:
1) қоршаған ортада бағдарлау дағдысын қалыптастыру;
2) заттардың сапасы мен қасиеттерін (сипап сезу, дәм сезу және есту арқылы) анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру;
3) қандай да бір белгілер (түсі, пішіні, мөлшері) бойынша заттарды топтау дағдысын қалыптастыру.
Ересектердің еңбегі:
1) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы түсінік қалыптастыру;
2) жүргізуші, аспаз мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру (лексикалық тақырыптар: «Ыдыс», «Көлік»);
3) ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы түсінік қалыптастыру;
2) «Наурыз» мемлекеттік мерекесі туралы түсінік қалыптастыру;
3) қазақтардың дәстүрлі баспанасымен, ұлттық стильде орындалған тұрмыстық заттармен және киімдермен таныстыру.
Көлік:
1) көлікпен танысу, жерде, ауада, суда қозғалу тәсілдері туралы түсінік беру;
2) көліктегі қарапайым тәртіп ережелерімен танысу.
Жол қозғалысы ережелері:
1) бағдаршам сигналдарының мәні туралы түсінік қалыптастыру, жаяу жүргіншілер үшін қарапайым жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
өзінің есімі мен жасын, анасы мен әкесінің атын атайды;
8 Наурыз мерекесі туралы түсінігі бар;
топ кеңістігінде бағдарланады;
заттарды қандай да бір жалпы белгісі бойынша топтастырады, заттардың сапасы мен қасиеттерін сипап сезу, дәм сезу, есту арқылы таниды;
аспаз, жүргізуші мамандықтары туралы түсінікке ие, ересектердің еңбегіне құрметпен қарайды;
Наурыз мемлекеттік мерекесі туралы түсінігі бар, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйін (киіз үй), кейбір тұрмыстық заттар мен киімдерді біледі;
көлік құралдарының кейбір түрлерін (ұшақ, кеме, машина, автобус) атайды, көліктегі қарапайым мінез-құлық ережелері, жаяу жүргіншілерге арналған мінез-құлық ережелері туралы түсініктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет