Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет158/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

5-параграф. I-жартыжылдық

88. Оқыту және тәрбиелеу міндеттері.


Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөздерді нақты айту, олардың дыбысын тыңдау қабілетін қалыптастыру.
Сөздік қор:
1) сөйлеу түсінігін дамытуды жалғастыру;
2) енжар және белсенді сөз қорын зат атауларымен, етістіктермен, сын есімдермен байыту;
3) пәндерді оқытылатын лексикалық тақырыптар мен жалпы белгілер бойынша топтастыруға үйрету;
4) балалардың сөздігіне антоним сөздерді енгізу.
Грамматикалық құрылымды дамыту:
1) «артында», «жанында», «үстінде» шылауларын түсінуге үйрету;
2) зат есімдерді жекеше және көптік жалғауда түсінуге үйрету;
3) бірнеше сөзден тұратын (қарапайым) күрделі) сөйлемдерді қалыптастыру.
Байланыстырып сөйлеу тілі:
1) өлеңдер, шағын өлеңдер үйрету;
2) тәрбиешінің бағыттаушы көмегімен (сұрақтарымен) шағын әңгімелер құрастыру.
Жұмыс мазмұны:
1) балаларды ересектермен және құрдастарымен әр түрлі себептермен сөйлесуге ынталандыру: тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру (Бұл кім? Бұл не? Қандай? Қайда?), құрдастарымен және тәрбиешілерімен өткен оқиғалар туралы әсерлерімен бөліседі, бірлескен ойын туралы келіседі. Сөйлеудің айтылу жағына ерекше назар аудару (көптеген дыбыстардың фонемалық дұрыс айтылуы);
2) меңгерілетін лексикалық тақырыптарға сәйкес сөйлеу түсінігін одан әрі дамыту мен енжар және белсенді сөз қорын байыту жұмыстарын жалғастыру (заттардың мақсатын және олардың атауын түсіндіру);
3) зерделенген лексикалық тақырыптар мен жалпы белгілер бойынша заттарды топтастыруға үйрету және сөздердің жалпылама мағынасын түсінуді дамыту;
4) антоним сөздермен таныстыру (үлкен – кіші, жақсы – жаман, кәрі – жас, таза – лас, жоғары – төмен, жұмсақ – қатты);
5) ойыншықтарды, кейіпкерлерді және басқа көрнекіліктерді қолдана отырып, «артында», «жанында», «үстінде» шылауларының мағынасын түсінуге үйрету;
6) зат есімдердің жекеше және көпше түрде аяқталуын түсінуге үйрету;
7) балаларды бірнеше (қарапайым, күрделі) сөзден тұратын сөйлем құрастыруға үйрету үшін жағдай жасау;
8) балаларға мазмұны мерекелермен, лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты өлеңдер, қысқа өлеңдер (4-6 жол) жаттау.
Күтілетін нәтижелер:
заттардың, етістіктердің, сын есімдердің атауларын түсінеді және атайды;
грамматикалық сауатты сөйлеуге тырысады;
оқытылатын лексикалық тақырыптар мен жалпы белгілері бойынша заттарды топтастырады;
зат есімдер мен жалпылама мағыналарды қолданады;
антоним сөздерді атайды;
шылаудың мағынасын түсінеді;
зат есімдерді жекеше және көпше түрде түсінеді;
бірнеше сөзден тұратын қарапайым сөйлемдер құрастырады;
өлеңдерді, қысқа өлеңдерді (4-6 жол) айтады;
тәрбиешінің сұрақтары арқылы шағын әңгімелер құрастырады.
89. Көркем әдебиет.
Оқу, әңгімелеу.
Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
1) түрлі жанрлар мен тақырыптардағы әдеби шығармаларды (фольклор, жұмбақтар, санамақтар, ертегілер, авторлық туындылар – өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) құрдастар тобымен бірге иллюстрацияларды пайдалана отырып, тыңдай білуді жалғастыру;
2) мәнерлеп сөйлеу тілін түсінуді: көркем шығарма мазмұнындағы сұрақ, растау, лепті интонациясын дамыту;
3) шығармалардың жанрларын ажырата білуге үйрету (өлең мен проза);
4) таныс туындыларды бағдарлауға, оларды басты кейіпкерлерден, суреттерден, иллюстрациялардан тануға үйрету. Көркем шығармалардың атауларын есте сақтау;
5) кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көру, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалау қабілеттерін дамыту.
Жұмыс мазмұны:
1) жаңа туындылармен таныстыруды жалғастыру және иллюстрацияларды пайдалана отырып, түрлі жанрлар мен тақырыптардағы әдеби шығармаларды (фольклор, жұмбақтар, санамақтар, ертегілер, авторлық туындылар – өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) тыңдау білігін дамыту;
2) көркем шығармаларды әңгімелеу және оқу кезінде анық, мәнерлі сөйлеуді (сұраулы, растау, лепті интонацияларды) пайдалану;
3) туындылардың кейбір жанрларымен таныстыру (өлең, проза), ерекше белгілерді белгілеу;
4) балаларды таныс шығармаларда бағдарлануға үйрету, оларды басты кейіпкерлер, суреттер, иллюстрациялар бойынша тану үшін жағдай жасау. Көркем шығармалардың атауларын есте сақтау;
5) кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін бөліп көрсету, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалау.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі жанрлар мен тақырыптардағы әдеби шығармаларды (фольклор, жұмбақтар, санамақтар, ертегілер, авторлық туындылар – өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) құрдастар тобымен бірге иллюстрацияларды пайдалана отырып, тыңдайды;
қуанышты сезінеді, әдеби туындыларға эмоционалды жауап береді;
шығармалардың жанрларын ажыратады (өлең және проза);
басты кейіпкерлер, суреттер, иллюстрациялар бойынша көркем шығармаларды біледі;
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалай алады. Оң және теріс қасиеттерді анықтайды.
90. Орыс тілі.
Сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениеті:
1) орыс тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
2) тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және анық дикцияны дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсініп, сөз тіркестерін құра білуге ​​үйрету;
2) сөйлеуде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсініп, сөз тіркестерін құра білуге ​​үйрету;
2) сөйлеуде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік қоры:
1) қоршаған ортада жиі қолданылатын тұрмыстық заттар, жемістер, көкөністер, жануарлар, құстар және табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту;
2) заттардың белгілерін, санын, қимылын білдіретін сөздерді айтуды үйрету;
3) 5-ке дейін тура және кері санауды үйрету;
4) таныс сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге ​​үйрету.
Байланыстырылған сөйлеу тілі:
қарапайым сұрақтар қойып, оларға жай сөйлемдер арқылы жауап беруге үйрету;
шағын шығармаларды, өлеңдерді тыңдауға, түсінуге және қайталауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
таныс сөздерді дұрыс атайды және оларды ажыратады;
5-ке дейін және кері санай алады;
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады;
мұғалімнің қазақ тіліндегі сөздерін күнделікті өмірде және ойын барысында түсінеді;
жыл мезгілдерін, белгілерді білдіретін сөздерді, заттардың санын, олармен іс-әрекетті атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет