Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. «Әлеумет» білім беру саласы



бет172/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

16-параграф. «Әлеумет» білім беру саласы

162. «Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны «өзін – өзі тану, қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.


163. «Әлеумет» білім беру саласын ұйымдастыру және өткізу әлеуметтік сипаттағы алғашқы түсініктерді игеру мен балаларды әлеуметтік қатынастар жүйесіне қосуға бағытталған және барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.
164. Мақсаты – қоршаған әлеммен танысу арқылы жалпыадами нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
165. Міндеттері:
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелері туралы білімдерін байыту;
құрдастарымен және ересектермен эмоционалды-жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
ересектердің еңбегі, оның адамның қоғамдық өміріндегі рөлі туралы білімдерін байыту;
патриотизм сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
туған өлкеге, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оның тарихына қызығушылық қалыптастыру;
қарапайым өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту.


17-параграф. I-жартыжылдық

166. Қоршаған ортамен танысу.


Бала, оның отбасы, үйі:
1) өз отбасы мүшелері туралы, отбасылық мерекелер, әдет-ғұрыптар туралы әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру; балаларға отбасылық мерекелер мен салтанаттарға дайындыққа қатысу ниетін қалыптастыру;
2) заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қарым-қатынастарды және отбасындағы ересектердің еңбегін көрсететін ойын әрекеттерін орындау білігін жетілдіру.
Заттық әлем:
1) қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тұрмыстық техниканың мақсаты және оларды пайдаланудың кейбір ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) қоршаған орта заттары мен объектілеріне (ойыншықтар, жиһаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, киім, аяқ киім, кітаптар) ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі:
1) күзгі кезеңде ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру (бақта, бақшада, далада);
2) ересектердің ауыл шаруашылығындағы еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің маңызын түсіну дағдыларын (қала мен ауыл байланысы), диқаншының еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру, нан мен тамақ өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
3) ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, елдің рәміздері туралы, Қазақстан Республикасының астанасы туралы білімдерін кеңейту;
2) мемлекеттік мерекелер туралы түсініктерді кеңейту (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні);
3) өз елі үшін мақтаныш сезімін, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
отбасы мүшелері, мерекелер мен әдет-ғұрыптар туралы әңгімелейді, отбасылық қатынастар мен отбасындағы ересектердің еңбегін бейнелейтін әрекеттерді ойнайды;
тұрмыстық техниканы қолданудың мақсаты мен кейбір ережелері туралы түсінікке ие;
қоршаған орта заттары мен объектілеріне ұқыпты қарау қажеттілігін түсінеді;
күзгі кезеңдегі ересектердің еңбегі туралы біледі, диқаншының еңбегі туралы түсінікке ие, ересектердің еңбегіне құрметпен қарайды;
өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, астанасы, мемлекеттік мерекелері туралы біледі;
мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Гимн) біледі, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет