Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Білім беру ұйымдары білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы



бет4/28
Дата27.05.2022
өлшемі398 Kb.
#35778
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Білім беру ұйымдары білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы,

қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер аталған қасиеттерді сабақ беру мен оқытудың түрлі стратегияларын пайдалану арқылы тәрбиелейді және дамытады деп күтіледі, бұған төмендегілер кіреді:


  • әрбір оқушының пікірін тыңдау және олардың білімін, шеберліктерін және дағдыларын ары қарай дамыту үшін қолдану;

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен қызмет түрлерінің көмегімен оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқушыларға түсінікті мысалдармен проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу;

  • оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқу үдерісін қолдау;

  • зерттеу әдістеріне және оқушылардың зерттеулеріне негізделген белсенді оқуды ынталандыру;

  • оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың жеке, топтық қызметтерін және бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ беру мен оқытудың аталған стратегияларының мысалдары төменде көрсетілген:

  • пайдаланылған формативті және жиынтық (суммативті) бағалаудың стратегиялары мен процестері;

  • оқушылардың кешенді дағдылары мен қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың дене қуаты қасиеттерін дамыту (төзімділік, жылдамдық, күш, секіру, икемділік);

  • сабақ үстінде оқушылардың назарын аудару; оларды өзіндік дамуға ынталандыру;

  • бірқатар кешенді физикалық жаттығулар;

  • «Дене шынықтыру» сабағын өткізудің дәстүрлі және заманауи әдістері мен процестерінің теңгерілген комбинациясы;

  • оқушылардың «Дене шынықтыру» сабағында және басқа да сабақтарда өздерін бақылауы және бағалауы;

  • бөлу: жеке, шағын және үлкен топтардағы жұмыс, барлық сыныппен;

  • оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылардың өз денсаулықтарына құрметпен қарауы және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуі;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқытудың дифференциалды әдістері;

  • негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту мақсатындағы әдістер.

П.Дж. Арнольд моделі (1979) «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқыту үдерісі үшін қажетті білім бағдарламасының мазмұнын құрастыруға ең нақты және мақсатты негіз береді. Арнольд үшін дене шынықтырудың ерекшелігі – оның дене шынықтырумен төмендегідей байланыста болатын біртұтас оқыту үдерісіне баса ықпал ететіндігінде:
Қозғалыс «бойынша» тәрбиелеу сабақ кезінде оқушылардың физикалық жаттығуларды зерттеуі мен орындауының нәтижесінде білім мен түсінік алуын қарастырады. Мұны техникалық білім деп атауға болады. Дене шынықтыру тәжірибесінің толық кешені арқылы өз тұжырымдамаларын, техникалары мен ережелерін құру мүмкіндігін бере отырып, мұндай білімді балаларда кішкентай жасынан бастап дамыту керек.
Қозғалыс «барысында» тәрбиелеу дағдыларды меңгерумен (тәжірибелік білім) және қозғалыс қызметіне саналы түрде және табысты қатысу қабілетімен тікелей байланысты. Аталған әдіске физикалық жаттығулар кіреді, бұл жаттығулардың жеке пайдасы да бар, оқушылардың физикалық әрекеттерге саналы түрде қатысуы нәтижесінде меңгерген білімдерінің, түсініктерінің және дағдыларының контексінде де пайдасы зор (мысалы, бұлшық еттерін, сіңірлерін және жүйке тамырларын іске қосу арқылы кинестетикалық оқыту; кейбір физикалық жаттығулар үшін қажет дайындық талаптары мен денсаулық жағдайы туралы ойлау).
Қозғалыс «арқылы» тәрбиелеу – бұл қозғалу қызметі басқа нәтижеге, мақсатқа немесе міндетке қол жеткізудің бір әдісі ретінде қарастырылатын процесс. Қозғалыс қызметі арқылы оқыту – оқушылар қозғалыс қызметін орындаудың және оқудың нәтижесі ретінде түсіну, үйрену және қарау дағдыларын жанама түрде меңгеретін оқыту процесі (мысалы, жоғары физикалық дайындық немесе пәнаралық түсінік, мысалы, ойындарға арнап нұсқаулықтар жасау, жарыс хаттамаларын пайдалану, басқа оқушылардың жетістіктерін бақылау және сипаттау). Демек, аталған аспект қимыл-қозғалыс қызметінің білім бағдарламасының басқа да көптеген салаларында оқыту процесіне қаншалықты ықпал ететінін айрықша көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет