«Дене шынықтыру» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша 1-4-сыныптарда қалыптастырушы бағалау қолданылады. 1-сыныпта тоқсандық баға 3-4-тоқсанда қойылады. Жылдық баға қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде шығарылады.
ІІ «Дене шынықтыру» пәніндегі оқу мақсаттарының жүйесі
«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |