Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/28
Дата27.05.2022
өлшемі398 Kb.
#35778
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Оқу бағдарлама Дене шын-ру 1-4 кл




Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 32 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған


Мазмұны

І Жалпы мәлімет 4
2 «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 4
4 «Дене шынықтыру» пәніндегі оқыту үдерісіне қойылатын ұйымдастырушылық талаптар 6
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 10
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 12
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау 12
1 «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны 14
Бөлім 14
Бөлімше 14
Сөздер 29
Мағынасы 29



І Жалпы мәлімет


1 «Дене шынықтыру» пәнінің маңыздылығы


«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты қозғалыстар туралы білімді дамыту және кинестетикалық оқыту болып табылады, бұл оқушыларға өз қимылдарын түсіне отырып, жақсы, сенімді және қауіпсіз қимылдауға мүмкіндік береді.


Дене шынықтырудың бала тәрбиесінде атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушының физикалық дамуына, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік және рухани дамуына ықпал етеді. Мектеп білімі тұрғысында дене шынықтыру оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, ол кішкентай жасынан оқушының денсаулығын нығайтуға әсер ететін жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Демек, дене шынықтыру дегеніміз ол ұзақ мерзімді, болашақта қоғамның денсаулығына оң ықпал етудің керемет мүмкіндігі болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту:

  • физикалық және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;

  • оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;

  • дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;

  • оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;

  • оқушылардың отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;

  • оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;

  • оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет