Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігі



бет7/28
Дата27.05.2022
өлшемі398 Kb.
#35778
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Оқу бағдарлама Дене шын-ру 1-4 кл

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігі жиырма бірінші ғасырдағы жұмыс, демалыс және қарым-қатынас жасау үшін технологияны сенімді және сыни тұрғыдан пайдалануды қарастырады. Бұл базалық АКТ дағдыларын білу есебінен қамтамасыз етіледі.
Оқушылар білім бағдарламасының барлық пәндері бойынша оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалану дағдыларын дамытады және мұны жабдықтар мен қосымшалардың мол түрін пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жасау және өңдеу, ынтымақтастық пен ақпарат, идея алмасу, өз жұмысын бағалау мен жетілдіру арқылы жүзеге асырады.
Бағдарламада оған кіретіндер:

  • «Дене шынықтыру» пәнінің теориялық және тәжірибелік сабақтарында АКТ пайдалану (бейнематериалдарды, таныстырылымдарды, кестелерді, өсу қарқынын пайдалану);

  • оқушыларға өздерінің қимыл-қозғалыс әрекеттерінің көрсеткіштерін бағалау мен жақсартуға көмек көрсету үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауға, талдауға арналған фото және бейне материалдарды пайдалану;

  • АКТ-ны (соның ішінде, ғаламторды) «Дене шынықтыру» пәні бойынша қарым-қатынас жасау арқылы, бірлескен жұмыс жүргізу, контент құруда, көмек іздеудің және ақпаратқа қол жеткізудің құралы ретінде пайдалану.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


«Дене шынықтыру» пәнінде жалпы оқу үдерісінің тілі ретінде қозғалыс коммуникативтік дағдыларды дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосады. Оқушылар қозғалыс қызметі арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды және осының арқасында олар когнитивтік түсінік пен тілдік дағдыларды дамытуға негіз болатын тұжырымдамалар қалыптастырады.


Білім бағдарламасының мақсаттарының бірі тұлғаны әлеуметтендіру болып табылады, яғни түрлі қоғамдастықтарда тиімді қарым-қатынас жасай алатын азаматтарды дамыту. Осы мақсатпен оқушылар өз ойын сенімді білдіре алатын және түрлі формада қарым-қатынас жасауға ынталандырылатын және бағаланатын ынталандырушы және қолдаушы орта құра отырып, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту қажет.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін сабақ беру мен оқыту міндеттері мен үдерістерінің мысалдарына төмендегілер кіреді:
• Тәжірибелік тілмен еске түсіру үшін қозғалыс жадын пайдалана отырып, оқушыларға коммуникацияның барынша айқын қатысушылары болуға көмектесетін қозғалыс белсенділігінің тұжырымдамаларын тереңдету және жетілдіру;
• Теориялық және тәжірибелік қызмет арқылы пәндік терминологияны білу және түсіну;
• Әр түрлі бірлескен және жарыс түріндегі дене жаттығуларын орындау барысында әдістер мен тактикаларды білу және қолдану;
• Орындаушы, қатысушы, көшбасшы, төреші, бақылаушы сияқты түрлі рөлдердің қатысуын талап ететін қозғалыс қызметіне қатысу;
• Оқушылар белгілі жауапкершілік көтеретін жағдайларда нұсқаулық тілін пайдалану, мысалы, жетекшілік міндеттер;
• Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерінде төрешілер алқасының (арбитрлардың, төрешілердің) ережелері мен мағыналарын білу;
Тәжірибелік амалдарды, әдістерді және процестерді сипаттау, талдау және талқылау қабілеті;
• Қозғалыс әрекетін қағазға жазу формаларын әзірлеу және пайдалану мүмкіндіктері. Қозғалыс қызметін жазу, бақылау, сипаттау және талдау процесін жеңілдету үшін камералар мен компьютерлерді қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет