9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:
- қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;
- төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.
ІІ «Қазақ тілі» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Қазақ тілі» пәні мазмұны
Бағдарламаны меңгерудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселенің аясында ұйымдастырылады. «Қазақ тілі» пәні бойынша білім мазмұнын меңгеру тілдік дағдыларды қалыптастыру негізінде ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |